«Жітіқара ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ 2019 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі
қызметі туралы есеп
1) Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер
«Жітіқара ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ (бұдан әрі – Жұмыспен қамту бөлімі) мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысандағы аудандық коммуналдық заңды тұлғасы болып табылады. Бөлімнің құрылтайшысы Жітіқара ауданы әкімдігі тұлғасындағы мемлекет болып табылады. Жұмыспен қамту бөлімі «Жітіқара ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қатысты басқаруды жүзеге асырушы орган (тиісті саланың уәкілетті органы) болып табылады.
Заңды және пошталық мекенжайы: 110700, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Жітіқара ауданы, Жітіқара қаласы, Д. Асымбаев көшесі, 51; электрондық пошта мекенжайы: ozsp.zhitikara@kostanay.gov.kz; байланыс телефондары 8 (714) 35-23370.
2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес 2019 жылы 18 қыркүйекке дейін 19 мемлекеттік қызмет көрсетілді:
1) «Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу»;
2) «Мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету»;
3) «Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну үшін мүгедектерге құжаттарды ресімдеу»;
4)«Мүгедектерге кресло-арбалар беру»;
5)«Мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету»;
6) «Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу
7) «Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру»;
8) «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау»;
9) «Тұрғын үй көмегін тағайындау»;
10) «Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау»;
11) «Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу»;
12) «Жұмыссыз ретінде жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу»;
13) «Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдамалар беру»;
14) «Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек тағайындау»;
15) «Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру»;
16) «Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу;
17) «Ақталған адамға куәлік беру»;
18) «Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу»;
19) «Жұмыссыз ретінде тіркелгендігі туралы анықтама беру».
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 30 қыркүйектегі № 726 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізілген өзгерістерге байланысты «Жітіқара ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар» ММ 17 мемлекеттік қызмет көрсетеді.
1) «Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу»;
2) «Жұмыссыз ретінде жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу»;
3)«Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдама беру» қызметтер алынып тасталды.
Және «Жұмыс іздеп жүрген адамдарға және жұмыссыздарға көмек көрсету» қызметі енгізілді.
Барлық мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тікелей мекемемен және альтернативті түрде көрсетіледі.
2019 жылы 11 839 мемлекеттік қызмет көрсетілді: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы 7297 мемлекеттік қызмет көрсетілді, қызметті беруші арқылы 4038, «веб-портал» арқылы 504 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Мемлекеттік қызметтер тегін негізде іске асырылады.
Дәлелді бас тартулар саны 203 құрады.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде қызметкерлер «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V Қазақстан Республикасының Заңын және бекітілген стандарттар мен регламенттерді басшылыққа алады.
«Ақталған адамға куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі өтініштердің болмауы себебі бойынша 2019 жылы талап етілмеді.
«Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік саламамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі берілген жоқ. Қазіргі уақытта ҚР Үкіметінің деңгейінде бұл қызметті мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімінен алып тастау туралы мәселе тұр (оны өтінішсіз негізде көрсетілетін етілетіндігіне байланысты әзірге алынып тасталған жоқ).
Бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттері саны.
Бекітілген стандарттар – 19, регламенттер – 19.
2020 жылдан бастап регламенттер алынып тасталды.
Тегін және (немесе) ақылы негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны.
Жұмыспен қамту бөлімінде және орталығында барлық мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.
2018 жылға қағаз және (немесе) электрондық негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны.
Қағаз түрінде – 4720 қызмет көрсетілді. Электрондық негізде – 7119 қызмет көрсетілді.
3)Барынша талап етілетін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат.
Келтірілген талдау негізінде 2019 жылы барынша талап етілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет: «Тұрғын үй көмегін тағайындау» болып табылады - 6624 көрсетілген қызмет;
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау» - 1034 көрсетілген қызмет;
«Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдамалар беру» - 722 көрсетілген қызмет;
«Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау» - 648 көрсетілген қызмет.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қолжетімдік көздері мен орындары туралы мәліметтер.
Халықты ақпараттандыру мақсатында Жұмыспен қамту бөлімі көрсететін мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы өзекті ақпарат Жітіқара ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында және Жұмыспен қамту бөлімінің ақпараттық стендінде жалпыға бірдей шолу үшін қолжетімді орында орналастырылған.
Жұмыспен қамту бөлімінде сенім телефоны бар, оның нөмірі БАҚ-та жарияланған, шағымдарға арналған стационарлық жәшікте орналастырылған, сондай-ақ шағымдарға арналған кітап бар. Жыл бойы газет беттерінде, радиода мемлекеттік көрсетілетін қызметтер алуға қатысты мәселелерді жарықтандыру бойынша жарияланымдар шығады.
2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобаларын бұқаралық талқылау туралы ақпарат.
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы 1-тармағына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобаларын бұқаралық талқылау мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарында құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделері қозғалатын жеке және заңды тұлғалардың ескертулері мен ұсыныстарын есепке алу мақсатында жүргізіледі. Осыған байланысты, Жұмыспен қамту бөлімінің қызметкерлері Қазақстан Республикасының e.gov.kz электрондық үкімет порталында, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын әзірлеуге жауапты орталық мемлекетік органның ресми интернет-ресурсында стандарттардың жобаларын талқылау мүмкіндігіне қатысты көрсетілетін қызметті алушылармен түсіндіру жұмысын тұрақты негізде жүргізеді.
Сонымен қатар, Бөлімге 2019 жылы стандарттардың жобаларына толықтырулар не өзгерістер енгізу жөніндегі ұсыныстар келіп түспегенін атап өтеміз.
3) Мемлекеттік қызметтерді көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және өзге).
Мемлекеттік қызметтерді көрсету процесін жетілдіру мақсатында Жұмыспен қамту бөлімінің қызметкерлері мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы әр түрлі іс-шараларға (семинарлар, дөңгелек үстелдер, жиналыстар және т.б.) белсенді қатысады. Сонымен қатар, көрсетілетін қызметті алушылар өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызметтер көрсету процедурасы туралы білікті консультация алады.
Жұмыспен қамту бөлімімен электрондық қызметтерді танымал ету бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде, осылайша а.ж. мамыр айында аудан әкімдігінің сайтында жаңалықтар бөлігінде «Жітіқара ауданы әкімдігінің Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ «Электрондық мемлекеттік қызметтерді көрсету» мақаласы орналастырылды.
А.ж. 5 маусымында аудандық «Хризотил» газетінде «Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек» мақаласы жарияланды.
А.ж. 27 маусымында № 25 «Житикаринские новости» аудандық газетінде «Е-Халық жүйесін енгізу туралы» мақала орналастырылды. Сонымен қатар, а.ж. 24 шілдесінде «Заман» радиосында 104Fmв «Ваш юрист» бағдарламасында әлеуметтік көмек бөлімшесінің консультанты А. В. Спринчан «Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызметі бойынша сөз сөйледі.
А.ж. 3 қазанда №39 «Житикаринские новости» аудандық газетінде, сондай-ақ Жітіқара ауданы әкімдігінің сайтында «Жітіқара ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ «Мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту» мақаласы орналастырылды.
А.ж. 29 қарашасында «Заман» радиосында 104Fmв «Ваш юрист» бағдарламасында күндізгі болу бөлімшесінің меңгерушісі Д. У. Акмурзина «Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу» мемлекеттік қызмет бойынша сөз сөйледі.
А.ж. 12 желтоқсанында Жітіқара ауданы әкімдігінің сайтында «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік қызметі туралы түсінік» мақаласы орналастырылды. А.ж. 19 желтоқсанында №52 «Авангард» аудандық газетінде «2020 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төлемдеріне жаңа тәсіл» мақаласы жарияланды. Сонымен қатар, а.ж. желтоқсанда Жұмыспен қамту бөлімінің басшысы және мамандары 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төлемдеріне жаңа тәсілді түсіндіру бойынша ауылдық елді мекендерге шығу ұйымдастырды. Барлығы 462 адам қамтылды.
1) Мемлекеттік қызметтерді көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.
Бөлім көрсететін 19 мемлекеттік қызмет ішінара автоматтандырылған, мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі қағаз түрінде беріледі, «Тұрғын үй көмегін тағайындау», «Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдамалар беру», «Жұмыссыз ретінде жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу», «Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу» 4 мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша 2019 жылы электрондық түрде берілді. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді «Электрондық үкімет» веб-порталында көрсету баламасы 6 мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша бар. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің барлық 19 түрі оңтайландырылды – көрсету мерзімдері қысқарды, мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін қажетті құжаттар топтамасы ең азға келтірілді. Мемлекеттік қызметтерді көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері оларды көрсету сапасына оң әсер етеді – мемлекеттік қызметтерді көрсету процесі жеңілдетіледі және жеделдетіледі, әкімшілік тосқауылдар қысқарады. Қазіргі уақытта Жұмыспен қамту бөлімі көрсететін 8 мемлекеттік қызмет бойынша мерзімдерді қысқарту бойынша оңтайландыру қосымша жоспарлануда.
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.
Мемлекеттік қызметтер көрсетуге жауапты Бөлім қызметкерлері тиісті Заңдарды, қағидаларды, әдістемелік ұсынымдарды, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттерін зерделеу арқылы өз білімдерінің деңгейін арттырады. Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын жақсартудың негізгі факторларының бірі тиісті деңгейде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттерін білетін, сауатты оқылған мамандар болып табылады.
11 маман мемлекеттік қызмет көрсетеді. Ағымдағы жылы 2 маман мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлаудың үш апталық курстарында,ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қостанай филиалында оқыды. 2019 ж. маусымда Жұмыспен қамту орталығының директоры мен 3 маманы «Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру және мүмкіндігі шектеулі адамдармен қарым-қатынас жасау дағдыларын дамыту» тақырыбында оқудан өтті.
Жұмыспен қамту бөлімінде аптасына 2 рет «Жітіқара ауданы әкімдігінің тілдерді оқыту орталығы» МКҚК бөлім қызметкерлеріне мемлекеттік тілді оқыту жүргізеді. Бұл мамандарға жұмыстан қол үзбей оқуға мүмкіндік береді. Мемлекеттік қызмет көрсететін мамандардың 4-уі сертификатқа ие, 4-уі қазіргі уақытта оқиды, 3 маманды келесі курстарда оқыту жоспарлануда.
3) Мемлекеттік қызметтерді көрсету процестерін нормативтік-құқықтық жетілдіру.
Мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсетуді қамтамасыз ету және Стандарттар, Қағидалар мен ҚР Заңдары арасындағы сәйкессіздіктерді алып тастау үшін Жұмыспен қамту бөлімі 2019 жылғы қыркүйек-қазан айларында Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша Департаменті ұйымдастырған «Өзгерту дегеніміз жақсарту» конкурсына қатысып, оның нәтижелері бойынша 3 орын алды.
1) Көрсетілетін қызметтерді алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі шағымдары туралы ақпарат.
Есептік кезеңде шағымдар түскен жоқ.
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері.
Көрсетілетін қызметтерді алушылар тарапынан шағымдар мен ескертулерді болдырмау мақсатында Жұмыспен қамту бөлімі мемлекеттік қызметтер көрсету сапасы мәселесі жөніндегі жұмысты тұрақты негізде жүргізеді. Бөлім аудан әкімінің аппаратына көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын ішкі бақылау жөніндегі есепті ай сайын жібереді.
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелері.
2019 жылғы 6-10 маусым аралығында Қостанай облысы әкімдігінің ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және мұрағаттар басқармасы Жұмыспен қамту бөлімінде және Халықты жұмыспен қамту орталығында мемлекеттік қызметтер туралы заңнаманың сақталуы бойынша бақылау мониторингін өткізді.
Жүргізілген мониторинг нәтижелері бойынша оларды жою бойынша ескертулер мен ұсыныстар берілді.
4) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингі нәтижелері.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингі есептік кезеңге жүргізілген жоқ.
Жұмыспен қамту бөлімінің мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі жұмысының бұдан арғы тиімділігі, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қанағаттануын арттыру мақсатында 2020 жылы мыналар жоспарланып отыр:
- Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша заңнамаларға енгізілген өзгерістер туралы халықты ақпараттандыру жөніндегі жұмысты жалғастыру.
- «Электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндігі туралы қызмет алушылар арасында түсіндіру жұмыстарын жандандыру.
- Белгіленген мерзімдерді бұзбай, стандарттарға сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесін тұрақты бақылауда ұстау.
- Мемлекеттік қызметтер көрсетуді жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу.
- Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы нормативтік құқықтық актілерде қайшылықтар анықталған жағдайда бөлім басшысын немесе басшының орынбасарын уақытылы хабардар ету.