Жітіқара ауданының әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия отырысының № 1 ХАТТАМАСЫ
Онлайн режим сағат 15.30 2020 жылғы «10» маусым
Төраға: Жітіқара ауданының әкімі А.С. Ибраев.
Хатшы: құқық бөлімінің бас маманы Е.Г. Вазенмиллер.
Шақырылды: аудан прокуроры, Жітіқара аудандық мәслихатының хатшысы, аудан әкімінің орынбасарлары, ауданның мемлекеттік мекемелерінің басшылары, ауылдардың және ауылдық округтердің әкімдері, құқық қорғау органдарының өкілдері.
(Барлығы: 29 адам).
К Ү Н Т Ә Р Т І Б І :
(баяндамашы: Аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Мендаулетов Алмаз Турсунбаевич).
Тыңдалды: А.Т. Мендаулетов (сөз сөйлеу мәтіні қоса беріледі).
Лауазымды тұлғалардың сөз сөйлеу қорытындылары бойынша ШЕШІМ ҚАБЫЛДАНДЫ:
2.1. Мемлекеттік мекемелердің басшылары, қала, ауылдар мен ауылдық округтердің әкімдері:
1) қарамағындағы мемлекеттік қызметшілер тарапынан сыбайлас жемқорлықты құқық бұзушылықтарды ескерту жөнінде жұмыс жүргізу;
2) немқұрайлы қарауды болдырмастан, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды сапалы жүргізу.
2.2. «Жітіқара ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ (А.Т. Мендаулетов) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес АҚ Қостанай облысы бойынша филиалының халыққа қызмет көрсету бойынша Жітіқара қаласы бөлімімен (Г.А. Уразбаева – келісім бойынша) бірлесіп:
1) егде жасына және денсаулық жағдайына байланысты толық немесе ішінара өз бетінше қозғала алмайтын қарттарға мемлекеттік қызметтер көрсету үшін «Үйге қызмет» жобасы шеңберінде бірлесе бару тетігін әзірлеу мүмкіндігін қарастыру.
Комиссия мүшелері бір ауыздан дауыс берді.
Төраға ________________ А. Ибраев
Хатшы ________________Е. Вазенмиллер