«Жангелдин ауданында аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешім.

Р/с №

Түсiндiрме жазбада көрсетiлуге тиiс 
мәлiметтердiң тiзбесi

Әзiрлеушi мемлекеттiк 
органның ақпараты

1.

Әзірлеуші мемлекеттік органның атауы.

 «Жангелдин ауданында аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешім

2.

Тиісті құқықтық актілерге, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың нормаларына, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне, Президенттің, Президент Әкімшілігі, Үкімет және Үкімет Аппараты басшылығының хаттамалық және өзге де тапсырмаларына сілтеме жасай отырып, жобаны қабылдау үшін негіздемелер және/немесе оны қабылдау қажеттігінің басқа да негіздемелері.

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес келтіру.

3

Жоба бойынша қаржы шығындарының қажеттігі және оның қаржылық қамтамасыз етілуі, оның ішінде қаржыландыру көзі, сондай-ақ қажет болған жағдайда Республикалық бюджет комиссиясының шешімі (тиісті есеп-қисаптар, қаржыландыру көзіне сілтеме, Республикалық бюджет комиссиясы шешімінің көшірмесі міндетті түрде түсіндірме жазбаға қоса беріледі).

Жоқ

4.

Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге салдар, сондай-ақ жоба ережелерінің ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ықпалы.

Жобаны қабылдау жағымсыз, әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарларға әкеп соқтырмайды.

5.

Нақты мақсаттар мен күтілетін нәтижелердің мерзімдері.

Мақсаты - қолданыстағы заңнама нормаларына сәйкес келтіру.

Мерзімі - алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі

6.

Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер.

1.Мәслихаттың 2017 жылғы 20 сәуірдегі № 86 шешімі «Жангелдин ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау  туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7026  болып тіркелген).

2.Мәслихаттың 2018 жылғы 16 қарашадағы № 206 шешімі «Мәслихаттың 2017 жылғы 20 сәуірдегі №86 «Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8114  болып тіркелген).

3.Мәслихаттың 2020 жылғы 5 мамырдағы № 296 шешімі «Мәслихаттың 2017 жылғы 20 сәуірдегі №86 «Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9168  болып тіркелген).

4.Мәслихаттың 2022 жылғы 27 сәуірдегі № 97 шешімі «Мәслихаттың 2017 жылғы 20 сәуірдегі №86 «Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27803  болып тіркелген).

7.

Енгізілетін жоба қабылданған жағдайда заңнаманы оған сәйкес келтіру қажеттігі (басқа нормативтік құқықтық актілерді қабылдау немесе қолданыстағы актілерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу талап етілетін-етілмейтінін көрсету) не ондай қажеттіліктің болмауы.

Жоқ.

8.

Нормативтік құқытық актінің жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында, сондай-ақ ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру туралы ақпарат (күні, байт саны).

Жангелдин ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы:

Ашық нормативтiк құқықтық актiлердің интернет-порталында 2023 жылғы 20 желтоқсанда орналастырылды:

 

9.

Әлеуметтік маңызы бар нормативтік құқықтық актінің жобасына түсіндірме жазбаны уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастыру туралы ақпарат.

     Жангелдин  ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы:

 

10.

Нормативтік құқықтық акті жобасының Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкестігі.

Ешқандай қатысы жоқ

11.

Нормативтік құқықтық акті жобасының қолданысқа енгізілуіне байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілері шығынының азаюын және (немесе) ұлғаюын растайтын есеп-қисаптар нәтижелері.

Әсір етпейді

«Жангелдин ауданының жұмыспен қамту және

әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ  басшысы                                              Е.Биржикенов

 

Дата публикации
09 января 2024