2026 жылғы 28 қаңтар 19
«Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» Қостанай облысы әкімдігінің 2021 жылғы 15 қарашадағы № 518 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
13-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«13. Міндеттер:
1) жануарларды аурулардан қорғау және оларды емдеу;
2) ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де міндеттер.».
1) жоғарыда көрсетілген Ережеге енгізілген өзгеріс туралы әділет органдарын хабардар етуді;
2) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
3) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Қостанай облысының әкімі Қ. Ақсақалов