Меню

Страницы

Статья

Ветеринариялық мақсаттар үшін дәрілік заттарды өткізу бойынша кәсіпкерлік қызметтің басталғаны туралы хабарлама (Ветеринариялық дәріхана)

ҚР «Ветеринария туралы» Заңының 13 - бабына сәйкес – ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар өз қызметінің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы облыстың жергілікті атқарушы органы – «Е-лицензиялау» порталы арқылы Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасына хабарлайтынын еске саламыз.

ҚР «Ветеринария туралы» Заңының 13-1 - бабына сәйкес ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметтің мынадай түрлері хабарламаға ветеринариялық мақсаттарға арналған дәрілік заттарды, биологиялық препараттарды, ветеринариялық және зоогигиеналық мақсаттағы бұйымдар мен атрибуттарды өткізу жатады.

Хабарламаға мынадай құжаттар қоса беріледі:

1) бірінші басшының қолы қойылған және ұйымның мөрімен бекітілген  тегі, аты, әкесінің аты, білімі, дипломның нөмірі мен берілген күні қамтылатын жиынтық кесте (заңды тұлғалар үшін);

2) ветеринария саласындағы тиісті мамандық бойынша білімі туралы дипломның көшірмесі (жеке тұлғалар үшін);

3) мамандандырудан немесе жетілдіруден және біліктілікті арттырудың басқа да түрлерінен өткені туралы сертификат;

4) объектіге есептік нөмір беру туралы растаудың көшірмесі;

5) меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде тиісті үй-жайлардың болуын растайтын құқық белгілейтін құжаттардың көшірмесі.

Қазақстан Республикасы «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңының 17-бабына сәйкес-тиісті хабарламаны жібермей қызметті жүзеге асыруға жол берілмейді.

Барлық сұрақтар бойынша Шипин көшесі, 153/3 үй, 200 кабинет мекенжайы бойынша немесе 39-06-95 телефоны бойынша Ветеринария басқармасының орны ауыстырылатын объектілердің қауіпсіздігі, мемлекеттік қызметтерді көрсету және мониторингілеу бөліміне хабарласуға болады.

Дата публикации
05 ноября 2025
Дата обновления
05 ноября 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
30 сентября 2026
Ауыл шаруашылығы жануарларын сою ережелері туралы
Ақпарат
16 сентября 2026
Ветеринария саласындағы қызметпен айналысу үшін лицензия беру
Ақпарат
11 сентября 2026
Қостанай облысында жануарларға жауапкершілікпен қараудың жаңа қағидалары қарастырылды

Социальные медиа

Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы