Меню

Страницы

Статья

2025 жылдың I тоқсанында мемлекеттік қызметтер көрсету

«Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) – заңнамада көзделген құзыреттер шегінде ветеринария саласында басшылықты жүзеге асыратын жергілікті атқарушы орган. Басқарманың ведомстволық бағынысты ұйымдары бар – ауылдық округтерде ветеринариялық пункті бар 20 аудандар мен қалалардың  «Ветеринариялық станциясы» КМК.

 Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жөніндегі ақпарат:

Басқарма «Ветеринария саласындағы қызметпен айналысу үшін лицензия беру» бойынша мемлекеттік қызмет көрсетеді;

Ведомстволық бағынысты ұйымдар 3 мемлекеттік қызмет көрсетеді.:

«Ветеринариялық анықтама беру»;

«Ветеринариялық паспорт беру»;

«Ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету)».

 1) «Ветеринария саласындағы қызметпен айналысу үшін лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі «Е-лицензиялау» порталы арқылы көрсетіледі.

2) Ветеринариялық анықтама беру жөніндегі мемлекеттік қызмет қағаз нысанда ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің бірыңғай автоматтандырылған басқару жүйесінің ақпараттық жүйесі арқылы көрсетіледі.

3) Ветеринариялық паспортты беру қағаз нысанда «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру» ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – АШЖБ АЖ) арқылы жүзеге асырылады.

4) «Ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету)» мемлекеттік қызметі қағаз нысанда АШЖБ АЖ арқылы және баламалы негізде «Tort tulik» мобильді қосымшасы арқылы көрсетіледі.

 Ветеринария басқармасы 2025 жылғы 1-тоқсанда «Ветеринария саласындағы қызметпен айналысу үшін лицензия беру»  мемлекеттік қызметін көрсеткен жоқ.

Ағымдағы жылдың 1 тоқсанында ведомстволық бағынысты ұйымдар аудандар мен қалалардың «Ветеринариялық станциясы» КМК 8311 мемлекеттік қызмет көрсетті, оның ішінде 8250 – ветеринариялық анықтама беру, 60 – ветеринариялық паспорт беру, 1–ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету).

Дата публикации
09 апреля 2025
Дата обновления
09 апреля 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
30 сентября 2026
Ауыл шаруашылығы жануарларын сою ережелері туралы
Ақпарат
16 сентября 2026
Ветеринария саласындағы қызметпен айналысу үшін лицензия беру
Ақпарат
11 сентября 2026
Қостанай облысында жануарларға жауапкершілікпен қараудың жаңа қағидалары қарастырылды

Социальные медиа

Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы