Ветеринарлық препараттарды жеткізу
Облыстың коммуналдық меншігіне республикалық қордан аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринарлық препараттардың жылдық көлемінің 100% түсті.
Диагностикалық зерттеулер
Бекітілген жоспарға сәйкес, ірі қара малдың және ұсақ мүйізді малдың бруцеллезге диагностикалық зерттеулер өткізілді:
- ағымдағы жылғы қаңтар-желтоқсан айларында ІҚМ 521 854 бас жоспарымен 512 718 сынама зерттелді, немесе 98,2%;
- ағымдағы жылғы қаңтар-желтоқсан айларында ҰММ 566 121 бас жоспарымен 576 328 сынама зерттелді, немесе 101,8%.
Алдын алу іс-шаралары
Жануарлардың аса қауіпті ауруларының алдын алу жөніндегі 2024 жылға арналған ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралардың бекітілген Жоспарына сәйкес, ауыл шаруашылығы жануарларының барлық түрлері аса қауіпті ауруларға қарсы вакциналаудан және аллергиялық зерттеулерден өтті: сібір жарасына – 1 344 892, қарасанға – 349 656, аусылға – 2 115 691, нодулярлық дерматитке – 108 500, пастереллезге – 346 369, құстардың жоғары патогенді тұмауға – 757 037, құстардың Ньюкасл ауруға – 259 000, етқоректілердің эхинококкозына – 47 080, ринотрахеитке – 63 800, туберкулезге – 301 422, құтыруға – 416 589, ринопневмонияға – 111 000, сақауға – 14 050 бас.
БАБЖ жүйесінде ветеринарлық анықтамалар беру
БАБЖ порталдың мониторингіне сәйкес, 2024 жылғы 1 қаңтардан 2025 жылғы 1 қаңтарына дейінгі кезеңде БАБЖ жүйесі арқылы 40 224 ветеринариялық анықтама берілді.