Су тасқынының биылғы жағдайы ауыл шаруашылығы жануарларын қауіпті инфекцияларға, әсіресе адам денсаулығына қауіп төндіретін иммундық қорғаныспен қамтамасыз етудің маңыздылығын тағы да көрсетті. Ветеринариялық іс-шаралар уақытылы жүргізілген жағдайда жануарларда құтыру, сібір жарасы, пастереллез, аусыл, құс тұмауының жоғары патогенді ауруы, құстардың Ньюкасл ауруы және т.б. сияқты аса қауіпті ауруларға қарсы тұрақты иммунитет қалыптасады. Әйтпесе, қауіпті инфекциялардың қоздырғыштарының бүкіл малға таралу қаупі артады.
Осыған байланысты, жаппай ветеринариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу кезінде жануарлар мен құстардың иелері ветеринариялық мамандарға белсенді жәрдемдесуге, жеке аулаларға кедергісіз кіруді қамтамасыз етуге, ауыл шаруашылығы жануарлары мен үй құстарын қорғау шараларымен толық қамту үшін мал басын көбейту немесе азайту туралы ветеринариялық қызметке дереу хабарлауға тиіс.