Ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету) - Аудандар мен қалалардың ветеринариялық станциялары көрсететін мемлекеттік қызмет..
«Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру» ақпараттық жүйесінде мәліметтерді өзектендіруді жүргізу үшін көрсетілетін қызметті алушы ветеринариялық станцияға түзету үшін өтініш пен растайтын құжаттарды береді. Ветеринариялық маман мәліметтерді түзету үшін өтініш пен құжаттарды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады, құжаттар тіркелген күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде дерекқорда ауыл шаруашылығы жануарларының иесі туралы мәліметтерді, өзектендіруге мәлімделген деректерді тексереді және оларды құжаттарға сәйкес анықтайды.
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болмаған кезде ветеринария саласындағы жауапты маман 10 жұмыс күні ішінде дерекқорда ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді өзектендіруді (түзетуді) жүзеге асырады және мәліметтерді өзектендіруді (түзетуді) жүргізу туралы үзінді көшірмені ресімдейді.
Ауыл шаруашылығы жануарларының иесі туралы мәліметтер дерекқорда түзетуге жатады (әріптерді өзгерту, ТАӘ бос орындарды жою, заңды тұлғаның атауы, сандарды өзгерту және ЖСН, БСН бос орындарды жою) және ауыл шаруашылығы жануары туралы мәліметтер (жануардың ЖЖН, жынысы, түрі, кастрация туралы мәліметтер, туған күні, тұқымы).
Мәліметтерді түзетуді жүргізу жөніндегі мемлекеттік қызмет тегін негізде көрсетіледі.