Балықты және басқа су жануарларын тасымалдау үшін ветеринариялық анықтама алу қажет. Ветеринариялық анықтама ветеринариялық пункттердің ветеринариялық дәрігерлерімен беріледі.
Балықты және басқа да су жануарларын (тірі, жаңа ауланған, салқындатылған, мұздатылған балықтар, сондай-ақ шаян тәрізділер, гаммарус, артемия салина (цисталар)) тасымалдауға өтініш берген кезде бес килограмнан асқан жағдайда «Тобыл-Торғай облысаралық бассейндік инспекциясы» беретін нысан бойынша аулаудың шығу тегі туралы анықтама қажет. Аулаудың шығу тегі туралы анықтама бір жылға жарамды.
Қажетті құжаттар пакетін алғаннан кейін ветеринариялық дәрігер Қазақстан Республикасының аумағында жарамды ветеринариялық анықтама береді.