Бүгінгі күні «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру» ақпараттық жүйесінде «етті ветеринариялық-санитариялық сараптау» модулі әзірленді. Модуль сою объектілерінде (ет өңдеу кәсіпорындары, сою пункттері мен сою алаңдары) және ішкі сауда объектілерінде жануардың өмірлік циклін көрсету үшін QR кодын іске асыруды ескере отырып, ветеринариялық-санитариялық сараптама нәтижелері бойынша сараптама актісін (Сынақ хаттамасын) беру процесін автоматтандыру функционалын қамтиды. Бұл шара сою алдындағы ветеринариялық тексерусіз және союдан кейінгі ветеринариялық-санитариялық сараптамасыз өткізу үшін жануарларды союға жол бермеуге бағытталған. Бүгінгі таңда пилоттық жоба Атырау, Ақмола, Қарағанды, Жамбыл, Түркістан, Алматы, Павлодар облыстарында, Жетісу облыстарында және Астана және Алматы қалаларында іске қосылды.
Сонымен қатар, «Ветеринария туралы» ҚРЗ-ға сәйкес ветеринариялық қызметтің мақсаттары мен міндеттері Жануарларды аурулардан қорғау, халық денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау, ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелінуінен және таралуынан қорғау болып табылатынын атап өту қажет.