Меню

Страницы

Статья

Шошқа өнімдерін әкелуге шектеулер

Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің назарына 2023 жылғы 29 қыркүйектен бастап шошқалардың африкалық обасын тіркеуге байланысты Ресей Федерациясының аумағынан Қазақстан Республикасының аумағы бойынша әкелуге және транзитке уақытша шектеулер енгізілетінін хабарлаймыз:

- тірі шошқалар мен қабан ұрығын;

- термикалық өндеуден өтпеген (70oC кем емес 30 минут бойы) шошқа етін оның ішінде жабайы қабандар етін, оларды өңдеуден алған өнімдерін;

- тері, тұяқ және ішек шикізаттарын, ауруға бейім жануарлардың барлық түрлерінен алынатын аңшылық олжаларын;

- жануарларға арналған өсімдік және жануарлардан, оның ішінде құстардан, балықтан жасалатын жем және жем қоспаларын және аталған облыстардан шыққан шикізатынан жасалған, термикалық өңдеуден өтпеген (70°С температурасынан төмен емес кемінде 30 минут бойы) мысық пен иттерге арналған жем және жем қоспаларын;

- ұстауда, союда, бөлшектеуде, шошқалардан алынатын өнімдерді және шикізатты тасымалдауға қолданылған құрал-жабдықты.

Дата публикации
05 октября 2023
Дата обновления
05 октября 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
30 сентября 2026
Ауыл шаруашылығы жануарларын сою ережелері туралы
Ақпарат
16 сентября 2026
Ветеринария саласындағы қызметпен айналысу үшін лицензия беру
Ақпарат
11 сентября 2026
Қостанай облысында жануарларға жауапкершілікпен қараудың жаңа қағидалары қарастырылды

Социальные медиа

Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы