Меню

Страницы

Статья

Үй жануарларын есепке алу бойынша

Қазақстанда үй және қараусыз қалған жануарлардың барлық жерде есебі енгізілуде. ҚР «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап үй жануарларын міндетті түрде чиптеу көзделген.

Үй жануарларының басқа түрлерін — сәндік егеуқұйрықтарды, хомяктарды немесе ергежейлі шошқаларды есепке алу ерікті болып қалады. Егер жүйеге жануар туралы ақпаратты енгізу қазақстандықтар үшін тегін болса, онда чип, сырға және есепке алу рәсімі жануарлар иелерінің қаражаты есебінен жүргізіледі.

Айта кету керек, үй жануарларын есепке алу бойынша деректер базасы ақпараттық жүйесін сатып алу үшін облыстық бюджеттен қаржы бөлінді. Ағымдағы жылы шілдеде көрсетілген қызметтерді сатып алу бойынша мемлекеттік сатып алулар өткізілді, онда қорытындысы бойынша «Танба» ақпараттық жүйесімен айналысатын Астана қаласының «1cert» ЖШС жеңімпаз атанды.

Үй жануарларын есепке алуды облыстың жеке ветеринариялық клиникалары мен ветеринариялық станциялары жүргізетін болады.

Бұдан басқа, халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын азаматтар тегін бірдейлендіру (чиптеу) мәселелері бойынша (телефон 8 (714 2) 39 07 13) Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасына немесе «Аудандар мен қалалардың ветеринариялық станциясы» КМК-не хабарласуларыңызды сұраймыз.

Заңның қабылдануына байланысты облыстың ветеринариялық қызметі қараусыз қалған және қаңғыбас жануарлардың санын реттеу бойынша барлық тиісті жұмыстарды жүргізуде.

Дата публикации
22 августа 2023
Дата обновления
22 августа 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
30 сентября 2026
Ауыл шаруашылығы жануарларын сою ережелері туралы
Ақпарат
16 сентября 2026
Ветеринария саласындағы қызметпен айналысу үшін лицензия беру
Ақпарат
11 сентября 2026
Қостанай облысында жануарларға жауапкершілікпен қараудың жаңа қағидалары қарастырылды

Социальные медиа

Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы