Меню

Страницы

Статья

Ауыл шаруашылығы жануарларын карантиндеу дегеніміз не ?

Жаңадан әкелінетін не әкетілетін ауыл шаруашылығы жануарларын карантиндеуді диагностикалық зерттеулер мен ветеринариялық өңдеулер жүргізу мақсатында жүргізеді, олар Қазақстан Республикасының аумағы бойынша және одан тыс жерлерге көшкен кезде жануарлардың жұқпалы ауруларының пайда болуына және таралуына жол бермеуге бағытталған. Карантинге жатқызылатын жануарлар  қалған мал басынан бөлек ұсталады.

Ауыл шаруашылығы жануарларын жоспарланған әкелу немесе әкету алдында карантинге қою үшін иелеріне ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің тиісті аумақтық бөлімшесіне және ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдардың бөлімшесіне хабарлау қажет.

2023 жылдың басынан Қостанай облысы бойынша ветеринариялық станциялармен ветеринариялық пункттермен ауыл шаруашылығы жануарларын карантиндеу бойынша 134 іс – шара өткізілді, оның ішінде: ІҚМ – 7563 бас, ұсақ мал – 616 бас,жылқы – 28 бас, шошқа – 279 бас, тәуліктік тауық-296 мың бас. Карантинді өткізу барысында 47 бас ауру жануарлар бөлінді, оларға қатысты ветеринариялық-санитариялық қағидаларға сәйкес барлық қажетті ветеринариялық іс-шаралар жүргізілді.

 

Дата публикации
02 августа 2023
Дата обновления
02 августа 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
30 сентября 2026
Ауыл шаруашылығы жануарларын сою ережелері туралы
Ақпарат
16 сентября 2026
Ветеринария саласындағы қызметпен айналысу үшін лицензия беру
Ақпарат
11 сентября 2026
Қостанай облысында жануарларға жауапкершілікпен қараудың жаңа қағидалары қарастырылды

Социальные медиа

Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы