Қазақстанда үй және қараусыз қалған жануарлардың барлық жерде есебі енгізілуде. ҚР «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заңына сәйкес ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап мысықтар мен иттерге чип салу немесе тег қою міндетті түрде жүргізілуі тиіс. ⠀
Үй жануарларының басқа түрлерін — сәндік егеуқұйрықтарды, хомяктарды немесе минипигтерді (ергежейлі шошқаларды) есепке алу ерікті болып қалады. Егер жүйеге жануар туралы ақпаратты енгізу қазақстандықтар үшін тегін болса, онда чип, тег және рәсім үшін жануарлар иелерінің қаражаты есебінен болады.
Есепке алу бұйымын (құралын) орнатқаннан кейін тіркеуші бір күн ішінде дерекқорға келесі мәліметтерді енгізеді:
1) жеке сәйкестендіру нөмірі үй жануарлары иесінің – жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) немесе заңды тұлғаның бизнес сәйкестендіру нөмірі;
2) үй жануарлары иесінің тұрғылықты жері – жеке тұлға немесе орналасқан жері заңды мекен-жайы – заңды тұлға;
3) үй жануарлары иесінің байланыс деректері;
4) үй жануарларын ұстау орны;
5) үй жануарларының түрі, лақап аты, тұқымы, жынысы, түсі, туған күні, жасы;
6) есепке алу бұйымдарының (құралдарының) түрі, нөмірі және деректері;
7) үй жануарларының жеке нөмірі;
8) жүргізілген вакцинациялау және стерилизациялау туралы ақпарат.