БЕКІТЕМІН
Облыс әкімінің орынбасары
______________А.Т. Әбенов
202___ жылғы «___»_________
Қостанай облысының аумағында 2022 жылға ветеринариялық-санитариялық
қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі
СТРАТЕГИЯЛЫҚ МІНДЕТТЕР
Мақсаты: Қостанай облысында 2022 жылы ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
- Ветеринария мәселелері бойынша ағарту жұмыстарын бұқаралық ақпарат құралдары, интернет-ресурстар, әлеуметтік желілер арқылы, ауыл шаруашылығы жануарларының иелерімен ауылдық жиындарда, әдістемелік құралдар, анықтамалық материалдар, жадынамалар әзірлеудің көмегімен халық арасында тұрақты негізде жүргізуді жүзеге асыру.
- Республикалық және жергілікті бюджет есебінен түсетін ветеринариялық препараттарды сақтау және пайдалану үшін ветеринариялық-санитариялық талаптарға сәйкес жағдайлар қамтамасыз ету.
- Аудандар мен қалалардың әкімдіктері:
- тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте ветеринария саласындағы функцияларды орындау кезінде ветеринариялық станцияларға және ветеринариялық пункттерге жәрдем көрсетуді қамтамасыз ету (ветеринариялық пункттер үшін жалға беру арқылы үй-жайларын ұсыну, жаппай ветеринариялық іс-шараларды өткізу үшін расколдар салу);
- жануарларды жайылымға шығарғаннан кейін және жануарларды қорада ұстауға қояр алдында мал шаруашылығы қораларына механикалық тазарту және ағымдағы дезинфекциялау жүргізуді уақтылы қамтамасыз ету бойынша түсіндіру жұмыстарын тұрақты негізде жүргізу;
- аудандар мен қалалардың бас ветеринариялық-санитариялық инспекторларының ұсынуы негізінде шектеулер немесе карантин белгілеу жөнінде шешім қабылдауды жеделдету жөнінде шаралар қабылдау;
- ауыл шаруашылығы жануарларын ұрлаудың алдын алу бойынша жергілікті полиция қызметінің жұмысын күшейту, жануарларды жайылымдық кезеңде ұстауды және Қостанай облысы мәслихатының 2015 жылғы 20 мамырдағы № 402 шешімімен бекітілген Қостанай облысының елді мекендері аумағында иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидасына сәйкес шаруашылық жағынан пайдалы иттерді ұстауды ұйымдастыру бойынша жұмысын ұйымдастыру.
- Талдауды ұсына отырып, эпизоотияға және энзоотияға қарсы шаралардың сапалы орындалуына тұрақты негізде мониторинг жүргізу. Ветеринариялық пункттердің меңгерушісі туберкулинизациялау (аллергенді енгізу және реакцияны оқу), ауыл шаруашылығы жануарларын аса қауіпті ауруларға қарсы иммундау, энзоотияға қарсы препараттарды қолдануды аудандық және қалалық Ветеринария басқармасы өкілдерінің және ветеринариялық станциялар басшыларының бақылауымен жүзеге асыру.
- Ветеринария басқармасының өкілдері, аудандар мен қалалардың ветеринариялық станцияларының басшылары ветеринариялық – профилактикалық іс-шараларды (жануарлардың аса қауіпті және энзоотиялық ауруларына қарсы профилактика бойынша көрсетілген қызметтердің тізімдемелері мен актілері, қан сынамаларын алу және жеткізу, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу туралы ведомостар) жүргізу жөніндегі бастапқы құжаттарды уақтылы және қатаң жүргізуді қамтамасыз ету.
- Ауыл шаруашылығы жануарларының нақты басы бойынша «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру» (бұдан әрі - АЖБ) деректер базасын жүргізуді қамтамасыз ету. Жануарлар ауруларының профилактикасы мен диагностикасы жөніндегі ветеринариялық іс-шаралардың мониторингін жүзеге асыру үшін аудандар мен қалалардың ветеринариялық станциялары АЖБ дерекқорына жүргізілген ветеринариялық іс-шаралар туралы мәліметтерді уақтылы және сапалы енгізуді жүргізу. Әр айдың 15 және 30 күндері сырғалау рәсімін жүзеге асыру қажет.
- Аудандар мен қалалардың ветеринариялық станцияларының басшылары жаңа қызметкерлермен шұғыл алмастыру мақсатында ветеринария мамандарының күтілетін бос жұмыс орындарын уақтылы болжауды қамтамасыз ету.
- Бруцеллезбен ауырған адамдардың саны көп жануарлар анықталған елді мекендердегі мал басы және пункт мәртебесін уақтылы анықтау үшін бактериологиялық немесе молекулярлық-генетикалық әдістермен зертханалық зерттеулер жүргізу үшін биологиялық материалдың үлгілерін іріктеуді қамтамасыз ету. Эпизоотия ошақтары пайда болған жағдайда оларды сапалы зерттеп-қарауды қамтамасыз ету және мүдделі органдармен бірлесіп қолайсыз пункттерді сауықтыру жөніндегі жұмысқа қатысу.
Жануарлардың аса қауіпті және энзоотиялық ауруларына күдік туындаған және туындаған жағдайда, ветеринария басқармасына шұғыл хабарлама ұсына отырып, биологиялық және патологиялық материал сынамаларын РВЗ ҚОФ тапсыруды қамтамасыз ету.
- Сібір жарасы бойынша барлық қолда бар стационарлық-қолайсыз пункттерге тұрақты негізде мониторинг жүргізу, ветеринариялық-санитариялық талаптарға сәйкессіздіктер анықталған жағдайда оларды жою бойынша шаралар қабылдау.
- ҚР АШМ БАБЖ Web-порталы және АЖБ деректер базасы арқылы, сондай-ақ жануарларды карантиндеу бойынша жүргізілетін іс-шараларды үйлестіру жолымен жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың орнын ауыстыруын бақылауды қамтамасыз ету.
- Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету және көрсетілетін қызметті алушылардың ветеринария саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы хабардар болуын қамтамасыз ету. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру,сондай-ақ аудандар мен қалалардың ветеринариялық станцияларында облыс әкімдігі қызметінің тиімділігін бағалауға әсер ететін бұзушылықтарды болдырмау мақсатында ведомстволық бағынысты ұйымдарда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасының сақталуы тұрғысынан ішкі мемлекеттік бақылау жүргізу.
Жауаптылар: Ветеринария басқармасы ведомстволық бағыныстағы ветеринариялық ұйымдармен, аудандар мен қалалардың әкімдіктері.
«Қостанай облысы әкімдігінің
ветеринария басқармасы» ММ басшысы,
бас мемлекеттік ветеринариялық дәрігері А. Шектібаев
Ескертпе: Стратегиялық міндеттер «Ветеринария туралы» ҚР Заңына,Ұлт жоспарының 92 – тармағын орындау-100 нақты қадамды орындау үшін, эпизоотияға және энзоотияға қарсы іс-шаралардың 2022 жылға бекітілген жоспарларына, 01.12.2021 жылға эпизоотологиялық талдау нәтижелеріне негізделген.
Т.К. Нұрғазин_________Б.Ғ. Бекет ________ Е.И. Төлепов ________Т.Қ. Шамшадин _______ А.А. Көшебенова ________