Ветеринария басқармасының қызметкерлері Сарыкөл агробизнес және құқық колледжімен ветеринариялық мамандарды даярлау және жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою мақсатында Сарыкөл ауданына қызметтік сапармен барды. Жұмыс сапарында колледж түлектерімен ветеринариялық мамандық туралы түсіндірме әңгіме жүргізілді, тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналасу, ветеринария жүйесінде жүргізіліп жатқан реформалар, ветеринариялық мамандардың жалақысының өсу тетігі және өңірдегі мамандыққа сұраныс перспективалары талқыланды.
Іс-шара өңірді жергілікті атқарушы органдардың ветеринариялық мамандарымен қамтамасыз етуге бағытталған.