Ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру – ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорға ауыл шаруашылығы жануары туралы мәлiметтердi енгiзе отырып, бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды) пайдалану, таңбалау арқылы жануарларға жеке нөмiр берудi қамтитын, жануарларды есепке алу рәсiмi.
Ағымдағы жылы Қостанай облысының аумағында 145 474 бас Ауыл шаруашылығы жануарлары есепке алу рәсімінен өтті, оның ішінде ІҚМ – 61 012 бас, ұсақ мал-60 679 бас, жылқы – 4123 бас, шошқа – 19 655 бас, түйе – 5 бас.
Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру үшін облыстың әрбір ауылдық округінде орналасқан ветеринариялық пункттің ветеринариялық дәрігеріне жүгіну қажет.