Тауар өндірушілердің назарына ҚР АШМ мен ҚР ҚМ 2022 жылғы 21 желтоқсандағы бірлескен бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағынан ірі қара және ұсақ малдың аналық басын әкетуге 6 ай мерзімге тыйым салынғанын жеткіземіз.
Бұл ретте 2022 жылғы 19 желтоқсандағы сандық шектеулерді (квоталарды) бөлу қағидаларына сәйкес ірі қара және ұсақ қара малдың төлдерін әкетуге сандық шектеулер (квоталар) енгізілді:
- Қазақстан аумағынан үшінші елдерге және Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттеріне 60 000 бас бұқашықтарды әкетуге;
- Қазақстан аумағынан үшінші елдерге және Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттеріне 120 000 бас қошқарларды әкетуге.
Ережеге сәйкес квоталар тек 12 айдан асқан бұқалар мен 6 айдан асқан қошқарларға белгіленеді және аналық малға қолданылмайды.
1 бордақылау алаңына ІҚМ бойынша Лимит 500 басты, 1 тауар өндірушіге – 200 басты, ҰММбойынша 1 бордақылау алаңына – 1000 басты, 1 тауар өндірушіге – 500 басты құрайды.
Ауыл шаруашылығы жануарларын карантиндеуді Ветеринариялық бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелері жүргізеді. Бекітілген карантиндеу жоспарын алғаннан кейін өтініш беруші аудандар мен қалалардың ветеринариялық станцияларына жүгінеді.
Ветеринариялық ұйым мәліметтерді АШЖБ МБ-қа енгізеді және жануарларды «Карантиндеу (экспорт)» функционалы арқылы карантинге қояды.
Жануарларды карантиндеу кезеңі аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге квоталар санын бөлу жүзеге асырылады.