Меню

Страницы

Статья

Ауыл шаруашылығы жануарларын сою қағидалары туралы

Мал шаруашылығы өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға сәйкес келмейтін жерлерде ауыл шаруашылығы жануарларын союға жол берілмейді. Сондықтан  ауыл шаруашылығы жануарларын сату үшін, сою тек ет өңдеу кәсіпорындарында, мал сою пункттерінде немесе ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңдарында жүзеге асырылады.

Өндірістік бақылау бөлімшесінің ветеринариялық дәрігері сою пункттерінде немесе ет өңдеу кәсіпорындарында сою жүргізген кезде, сондай-ақ сою алаңдарында жануарларды сою кезінде ауылдық округтің ветеринариялық дәрігері жұргізетін шаралары;

* союға түскен ауыл шаруашылығы жануарларына ілеспе ветеринариялық құжаттың (ветеринариялық анықтама немесе ветеринариялық сертификат) болуын тексеру;

* ауыл шаруашылығы жануарында жеке нөмірдің болуын тексеру, жүргізілген ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар және диагностикалық зерттеулер туралы мәліметтерді қамтитын ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорға тіркеу;

* термометрия жүргізе отырып, жануарды сою алдындағы ветеринариялық тексеру және ұшалар мен органдарға союдан кейінгі ветеринариялық-санитариялық сараптама, Сараптама актісін (сынақ хаттамасын) беру, ұшаны таңбалау.

Мал сою пункттерінде немесе ет өңдеу кәсіпорындарында ауыл шаруашылығы жануарларын сойғаннан кейін ет өнімі ветеринариялық-санитариялық сараптама нәтижелері бойынша ветеринариялық зертханалар беретін сараптама актісін (сынақ хаттамасын) көрсете отырып, ветеринариялық анықтамамен сүйемелденеді.

Сою алаңдарында ауыл шаруашылығы жануарларын сойғаннан кейін ет өнімдері міндетті түрде ветеринариялық-санитариялық сараптамадан өту қажеттігін көрсете отырып, аумақтың әл-ауқаты туралы ветеринариялық анықтамамен сүйемелденеді.

Сауда орындарында жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты тұтынушылардың денсаулығы үшін азық-түлік қауіпсіздігі мен өнім сапасын растайтын ветеринариялық ілеспе құжаттар болған кезде өткізуге жол беріледі.

Дата публикации
01 февраля 2023
Дата обновления
04 июня 2026
Тип
Ережелер мен рәсімдер

Сейчас читают

Ақпарат
30 сентября 2026
Ауыл шаруашылығы жануарларын сою ережелері туралы
Ақпарат
16 сентября 2026
Ветеринария саласындағы қызметпен айналысу үшін лицензия беру
Ақпарат
11 сентября 2026
Қостанай облысында жануарларға жауапкершілікпен қараудың жаңа қағидалары қарастырылды

Социальные медиа

Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы