Ірі қара малдың нодулярлы дерматиті -қызбамен, лимфа жүйесінің зақымдануымен, тері астындағы тіндердің және ішкі ағзалардың ісінуімен, некротикалық тері түйіндерінің пайда болуымен, тыныс алу және ас қорыту жолдарының көздері мен шырышты қабаттарының зақымдалуымен сипатталатын вирустық ауру.
Ауру мал шаруашылығына айтарлықтай экономикалық зиян келтіреді, бұл сүт шығыны мен дене салмағының айтарлықтай төмендеуіне, өндіруші бұқалардың уақытша немесе тұрақты бедеулігіне, сиырлардың түсік тастауына, терінің зақымдалуына, сондай-ақ ауру жануарлардың өліміне әкеледі.
Инфекция қоздырғышының көзі - ауру жануарлар мен вирус тасымалдаушылар. Адам нодулярлы дерматит вирусына сезімтал емес. Аурудың қоздырғышы негізінен қан соратын жәндіктер, масалар және кейбір шыбын түрлері арқылы таралады.