Ірі қара малдың эмфизематозды карбункулы (қарасан) – бұл ірі қара малдың қауіпті ауруы, ол буындардың, бұлшықет аппараттарының кең зақымдануымен, теріде ісінудің пайда болуымен көрінеді. Жас жануарларда қанның улануы және жіт өлімі байқалады.
Қазіргі уақытта ауру жекелеген ошақтарда кездеседі, бірақ инфекцияның жаппай таралу қаупіде бар. Аурудың мал шаруашылығына орасан зор экономикалық зиян келтіретінін түсіну маңызды (өлімнің көп болуы, сыртқы ортада ұзақ мерзімді сақталуы).
Осыған байланысты, ірі қара мал иелеріне жануарларды профилактикалық вакцинациялау кезеңінде іс жүзінде бар мал басын жасыру фактілеріне жол бермеуі қажет. Жануарларды қарасанға тұрақты түрде жүргізілетін профилактикалық вакцинациялау ғана жануарлардың осы ауруға қарсы иммунитетін қалыптастыруға мүмкіндік береді.