Қостанай облысы ветеринария саласының 01.04.2026 жылға текті әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары

Ветеринарлық препараттарды жеткізу

Облыстың коммуналдық меншігіне республикалық қордан аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринарлық препараттардың жылдық көлемінің 35% түсті.

Диагностикалық зерттеулер

Бекітілген жоспарға сәйкес, ірі қара малдың және ұсақ мүйізді малдың бруцеллезге диагностикалық зерттеулер өткізілді:

- ағымдағы жылғы қаңтар-науырыз айларында ІҚМ 85 960 бас жоспарымен 93 383 сынама зерттелді, немесе 108,6%;

- ағымдағы жылғы қаңтар-науырыз айларында ҰММ 110 694 бас жоспарымен 105 530 сынама зерттелді, немесе 95,3%.

Алдын алу іс-шаралары

Жануарлардың аса қауіпті ауруларының алдын алу жөніндегі 2025 жылға арналған ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралардың бекітілген Жоспарына сәйкес, ауыл шаруашылығы жануарларының барлық түрлері аса қауіпті ауруларға қарсы вакциналаудан және аллергиялық зерттеулерден өтті: аусылға – 738 113, сібір жарасына – 160 918, етқоректілердің эхинококкозына – 500, туберкулезге – 61 950, қарасанға – 7 550, пастереллезге – 7 881, құтыруына – 56 580, жоғары патогенді құс тумауына – 28 400 бас.

БАБЖ жүйесінде ветеринарлық анықтамалар беру

БАБЖ порталдың мониторингіне сәйкес, 2026 жылғы 1 қаңтардан 1 сәуірге дейінгі кезеңде БАБЖ жүйесі арқылы 5 988 ветеринариялық анықтама берілді.

Дата публикации
09 апреля 2026