Қостанай облысы ветеринария саласының 01.12.2026 жылға текті әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары

Ветеринарлық препараттарды жеткізу

Облыстың коммуналдық меншігіне республикалық қордан аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринарлық препараттардың жылдық көлемінің 100% түсті.

Диагностикалық зерттеулер

Бекітілген жоспарға сәйкес, ірі қара малдың және ұсақ мүйізді малдың бруцеллезге диагностикалық зерттеулер өткізілді:

- ағымдағы жылғы қаңтар-желтоқсан айларында ІҚМ 462 303 бас жоспарымен 462 303 сынама зерттелді, немесе 100,0%;

- ағымдағы жылғы қаңтар-желтоқсан айларында ҰММ 553 016 бас жоспарымен 553 016 сынама зерттелді, немесе 100,0%.

Алдын алу іс-шаралары

Жануарлардың аса қауіпті ауруларының алдын алу жөніндегі 2025 жылға арналған ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралардың бекітілген Жоспарына сәйкес, ауыл шаруашылығы жануарларының барлық түрлері аса қауіпті ауруларға қарсы вакциналаудан және аллергиялық зерттеулерден өтті: аусылға – 1 812 918, сібір жарасына – 1 220 988, етқоректілердің эхинококкозына – 37 280, туберкулезге – 153 571, қарасанға – 237 760, нодулярлық дерматитке           – 84 900, құстардың Ньюкасл ауруына – 210 000, пастереллезге – 1 429, инфекциялық ринотрахеитке және вирустық диареясына – 800, құтыруына              – 398 112, жылқы манқасына – 14 700, түйелер обасына – 153, жоғары патогенді құс тумауына – 708 700 бас.

БАБЖ жүйесінде ветеринарлық анықтамалар беру

БАБЖ порталдың мониторингіне сәйкес, 2025 жылғы 1 қаңтардан 2025 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде БАБЖ жүйесі арқылы 38 981 ветеринариялық анықтама берілді.

Дата публикации
23 января 2026