Қостанай облысы ветеринария саласының 01.12.2025 жылға текті әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары

Ветеринарлық препараттарды жеткізу

Облыстың коммуналдық меншігіне республикалық қордан аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринарлық препараттардың жылдық көлемінің 97,0% түсті.

Диагностикалық зерттеулер

Бекітілген жоспарға сәйкес, ірі қара малдың және ұсақ мүйізді малдың бруцеллезге диагностикалық зерттеулер өткізілді:

- ағымдағы жылғы қаңтар-қазан айларында ІҚМ 463 863 бас жоспарымен 461 713 сынама зерттелді, немесе 99,8%;

- ағымдағы жылғы қаңтар-қыркүйек айларында ҰММ 550 924 бас жоспарымен 551 935 сынама зерттелді, немесе 99,8%.

Алдын алу іс-шаралары

Жануарлардың аса қауіпті ауруларының алдын алу жөніндегі 2025 жылға арналған ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралардың бекітілген Жоспарына сәйкес, ауыл шаруашылығы жануарларының барлық түрлері аса қауіпті ауруларға қарсы вакциналаудан және аллергиялық зерттеулерден өтті: аусылға – 1 780 130, сібір жарасына – 1 217 906, етқоректілердің эхинококкозына – 36 930, туберкулезге – 153 571, қарасанға – 236 510, нодулярлық дерматитке – 84 900, құстардың Ньюкасл ауруына – 210 000, пастереллезге – 1 429, инфекциялық ринотрахеитке және вирустық диареясына – 800, құтыруына – 248 462, жылқы манқасына – 14 600, түйелер обасына – 128, жоғары патогенді құс тумауына – 691 300 бас.

Инсинираторларды пайдалану

Биологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және инсинираторларды тиімді пайдалану үшін 2025 жылы 89 млн. 604 мың теңге көлемінде қаржы бөлінді, қаржылау жоспарына сәйкес қаржы уақытылы игеру жоспарланды.

БАБЖ жүйесінде ветеринарлық анықтамалар беру

БАБЖ порталдың мониторингіне сәйкес, 2025 жылғы 1 қаңтардан 1 желтоқсанға дейінгі кезеңде БАБЖ жүйесі арқылы 33 371 ветеринариялық анықтама берілді.

Дата публикации
04 декабря 2025