Қостанай облысында арнайы расколдары бар мал қоршауларының құрылысы аяқталуда

Облыс әкімі тапсырмасының аясында Қостанай облысының 17 ауданында арнайы расколдары бар қоршаулар салынды немесе пайдалануға дайындалды.

Бұл нысандар келесі мақсаттарға арналған:
✔ ауыл шаруашылығы жануарларын профилактикалық өңдеу;
✔ қаңғыбас және иесіз жүрген малды уақытша ұстау;
✔ ветеринариялық іс-шараларды қауіпсіз жүргізу.

Қоршаулар аудан әкімдіктерімен немесе аудан орталықтарындағы ірі ауыл шаруашылығы құрылымдарының базасында ұйымдастырылды.

Аталған тапсырманың орындалуы рейдтік іс-шараларды тиімді жүргізуге, мал жаю ережелерінің бұзылуының алдын алуға және өңірдің ветеринариялық қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді.

Дата публикации
24 ноября 2025