Қостанай облысы ветеринария саласының 01.11.2025 жылға текті әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары

Ветеринарлық препараттарды жеткізу

Облыстың коммуналдық меншігіне республикалық қордан аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринарлық препараттардың жылдық көлемінің 97,0% түсті.

Диагностикалық зерттеулер

Бекітілген жоспарға сәйкес, ірі қара малдың және ұсақ мүйізді малдың бруцеллезге диагностикалық зерттеулер өткізілді:

- ағымдағы жылғы қаңтар-қазан айларында ІҚМ 452 270 бас жоспарымен 425 178 сынама зерттелді, немесе 94,0%;

- ағымдағы жылғы қаңтар-қыркүйек айларында ҰММ 511 834 бас жоспарымен 500 032 сынама зерттелді, немесе 97,7%.

Алдын алу іс-шаралары

Жануарлардың аса қауіпті ауруларының алдын алу жөніндегі 2025 жылға арналған ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралардың бекітілген Жоспарына сәйкес, ауыл шаруашылығы жануарларының барлық түрлері аса қауіпті ауруларға қарсы вакциналаудан және аллергиялық зерттеулерден өтті: аусылға – 1 530 610, сібір жарасына – 1 145 298, етқоректілердің эхинококкозына – 34 430, туберкулезге – 153 571, қарасанға – 234 210, нодулярлық дерматитке – 72 550, құстардың Ньюкасл ауруына – 210 000, пастереллезге – 1 429, инфекциялық ринотрахеитке және вирустық диареясына – 800, құтыруына – 247 112, жылқы манқасына – 14 230, түйелер обасына – 128, жоғары патогенді құс тумауына – 696 150 бас.

БАБЖ жүйесінде ветеринарлық анықтамалар беру

БАБЖ порталдың мониторингіне сәйкес, 2025 жылғы 1 қаңтардан 1 қарашаға дейінгі кезеңде БАБЖ жүйесі арқылы 29 320 ветеринариялық анықтама берілді.

Дата публикации
11 ноября 2025