Қостанай облысы ветеринария саласының 01.10.2025 жылға текті әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары

Ветеринарлық препараттарды жеткізу

Облыстың коммуналдық меншігіне республикалық қордан аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринарлық препараттардың жылдық көлемінің 86,3% түсті.

Диагностикалық зерттеулер

Бекітілген жоспарға сәйкес, ірі қара малдың және ұсақ мүйізді малдың бруцеллезге диагностикалық зерттеулер өткізілді:

- ағымдағы жылғы қаңтар-қыркүйек айларында ІҚМ 452 270 бас жоспарымен 381 176 сынама зерттелді, немесе 84,3%;

- ағымдағы жылғы қаңтар-қыркүйек айларында ҰММ 511 834 бас жоспарымен 450 135 сынама зерттелді, немесе 87,9%.

Алдын алу іс-шаралары

Жануарлардың аса қауіпті ауруларының алдын алу жөніндегі 2025 жылға арналған ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралардың бекітілген Жоспарына сәйкес, ауыл шаруашылығы жануарларының барлық түрлері аса қауіпті ауруларға қарсы вакциналаудан және аллергиялық зерттеулерден өтті: аусылға – 1 180 120, сібір жарасына – 1 072 572, етқоректілердің эхинококкозына – 29 500, туберкулезге – 153 571, қарасанға – 215 294, нодулярлық дерматитке – 63 400, құстардың Ньюкасл ауруына – 210 000, пастереллезге – 1 429, инфекциялық ринотрахеитке және вирустық диареясына – 800, құтыруына – 214 309, жылқы манқасына – 9 468, түйелер обасына – 128, жоғары патогенді құс тумауына – 677 100 бас.

БАБЖ жүйесінде ветеринарлық анықтамалар беру

БАБЖ порталдың мониторингіне сәйкес, 2025 жылғы 1 қаңтардан 1 қазанға дейінгі кезеңде БАБЖ жүйесі арқылы 26 539 ветеринариялық анықтама берілді.

Дата публикации
14 октября 2025