Ветеринарлық препараттарды жеткізу
Облыстың коммуналдық меншігіне республикалық қордан аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринарлық препараттардың жылдық көлемінің 86,3% түсті.
Диагностикалық зерттеулер
Бекітілген жоспарға сәйкес, ірі қара малдың және ұсақ мүйізді малдың бруцеллезге диагностикалық зерттеулер өткізілді:
- ағымдағы жылғы қаңтар-тамыз айларында ІҚМ 309 700 бас жоспарымен 278 344 сынама зерттелді, немесе 89,9%;
- ағымдағы жылғы қаңтар-тамыз айларында ҰММ 359 354 бас жоспарымен 328 115 сынама зерттелді, немесе 91,3%.
Алдын алу іс-шаралары
Жануарлардың аса қауіпті ауруларының алдын алу жөніндегі 2025 жылға арналған ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралардың бекітілген Жоспарына сәйкес, ауыл шаруашылығы жануарларының барлық түрлері аса қауіпті ауруларға қарсы вакциналаудан және аллергиялық зерттеулерден өтті: аусылға – 940 878, сібір жарасына – 952 495, етқоректілердің эхинококкозына – 20 120, туберкулезге – 153 253, қарасанға – 168 997, нодулярлық дерматитке – 61 800, құстардың Ньюкасл ауруына – 210 000, пастереллезге – 1 429, инфекциялық ринотрахеитке және вирустық диареясына – 800, құтыруына – 115 554, жылқы манқасына – 3 286, түйелер обасына – 128, жоғары патогенді құс тумауына – 662 850 бас.
БАБЖ жүйесінде ветеринарлық анықтамалар беру
БАБЖ порталдың мониторингіне сәйкес, 2025 жылғы 1 қаңтардан 1 қыркүйегіне дейінгі кезеңде БАБЖ жүйесі арқылы 22 003 ветеринариялық анықтама берілді.