Ветеринарлық препараттарды жеткізу
Облыстың коммуналдық меншігіне республикалық қордан аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринарлық препараттардың жылдық көлемінің 59,5% түсті.
Диагностикалық зерттеулер
2025 жылдың 1-жартыжылдығының қорытындысы бойынша бекітілген жоспарға сәйкес ірі қара және ұсақ мал бруцеллезіне диагностикалық зерттеулер аяқталды.
Алдын алу іс-шаралары
Жануарлардың аса қауіпті ауруларының алдын алу жөніндегі 2025 жылға арналған ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралардың бекітілген Жоспарына сәйкес, ауыл шаруашылығы жануарларының барлық түрлері аса қауіпті ауруларға қарсы вакциналаудан және аллергиялық зерттеулерден өтті: аусылға – 921 125, сібір жарасына – 758 024, етқоректілердің эхинококкозына – 19 420, туберкулезге – 153 253, қарасанға – 110 989, нодулярлық дерматитке – 61 800, құстардың Ньюкасл ауруына – 210 000, пастереллезге – 1 429, инфекциялық ринотрахеитке және вирустық диареясына – 800, құтыруына – 87 354, түйелер обасына – 128, жоғары патогенді құс тумауына – 447 459 бас.
БАБЖ жүйесінде ветеринарлық анықтамалар беру
БАБЖ порталдың мониторингіне сәйкес, 2025 жылғы 1 қаңтардан 1 тамызына дейінгі кезеңде БАБЖ жүйесі арқылы 19 069 ветеринариялық анықтама берілді.