Қостанай облысы ветеринария саласының 01.07.2025 жылға текті әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары

Ветеринарлық препараттарды жеткізу

Облыстың коммуналдық меншігіне республикалық қордан аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринарлық препараттардың жылдық көлемінің 59,5% түсті.

Диагностикалық зерттеулер

Бекітілген жоспарға сәйкес, ірі қара малдың және ұсақ мүйізді малдың бруцеллезге диагностикалық зерттеулер өткізілді:

- ағымдағы жылғы қаңтар-маусым айларында ІҚМ 255 527 бас жоспарымен 248 483 сынама зерттелді, немесе 97,2%;

- ағымдағы жылғы қаңтар-маусым айларында ҰММ 297 504 бас жоспарымен 301 009 сынама зерттелді, немесе 101,2%.

Алдын алу іс-шаралары

Жануарлардың аса қауіпті ауруларының алдын алу жөніндегі 2025 жылға арналған ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралардың бекітілген Жоспарына сәйкес, ауыл шаруашылығы жануарларының барлық түрлері аса қауіпті ауруларға қарсы вакциналаудан және аллергиялық зерттеулерден өтті: аусылға – 897 785, сібір жарасына – 596 169, етқоректілердің эхинококкозына – 18 640, туберкулезге – 153 212, қарасанға – 104 939, нодулярлық дерматитке – 68 251, құстардың Ньюкасл ауруына – 205 000, пастереллезге – 1 429, инфекциялық ринотрахеитке және вирустық диареясына – 600, құтыруына –    65 000, түйелер обасына – 128, жоғары патогенді құс тумауына – 362 160 бас.

         БАБЖ жүйесінде ветеринарлық анықтамалар беру

БАБЖ порталдың мониторингіне сәйкес, 2025 жылғы 1 қаңтардан 1 шілдесіне дейінгі кезеңде БАБЖ жүйесі арқылы 16 313 ветеринариялық анықтама берілді.

Дата публикации
09 июля 2025