Қостанай облысы ветеринария саласының 01.11.2020 жылға текті әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары

Қостанай облысы ветеринария саласының 01.11.2020 жылға текті әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары

 

Ветеринарлық препараттарды жеткізу

Облыстың коммуналдық меншігіне ветеринарлық препараттардың жылғы көлемінен жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы вакцина 96% көлемінде келіп түсті. Барлық препараттар жеткізушімен аудандар мен қалаларға аталған көлемде жеткізілді.

Диагностикалық зерттеулер

ІҚМ. Ағымдағы жылғы 10 айында 419 467 сынама диагностикалық зерттеулердің жоспарымен 404 991 сынама зерттелді, немесе 96,5%. Жұқтыру 0,33% құрды.

ҰММ. Ағымдағы жылғы 10 айында 343 973 сынама диагностикалық зерттеулердің жоспарымен 355 554 сынама зерттелді, немесе 103,4%, жұқтыру 0,01% құрды.

Ветеринарлық-алдын алу іс-шаралары 

Қостанай облысының аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жануарлардың аса қауіпті ауруларын    алдын-алу бойынша ветеринариялық іс-шаралардың 2020 жылға арналған жоспары бекітілді.

2020 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша келесі іс-шаралар жүргізілді:

- туберкулёз ІҚМ 602 100 бас 10 айлық жоспар бойынша 604 850 бас зерттелді, немесе 100%, шошқалар 43 550 бас жоспарымен 43 550 бас зерттелді, немесе 100%;

- сібір жарасы ІҚМ 420 000 бас 10 айлық жоспар бойынша 421 300 бас егуден өтті, немесе 100%, ҰММ 335 450 бас жоспарымен 334 350 бас егуден өтті, немесе 100%, жылқылар 69 710 бас жоспарымен 68 560 бас егуден өтті, немесе 98%;

- пастереллёз ІҚМ 168 500 бас 10 айлық жоспар бойынша 170 350 бас егуден өтті, немесе 101%, ҰММ 124 300 бас жоспарымен 125 350 бас егуден өтті, немесе 101%, жылқылар 14 190 бас жоспарымен 14 290 бас егуден өтті, немесе 101%.

Цифрландыру

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында  «Жылқыларды GPS-навигация жүйесімен жабдықтау» жобасы жосарланды, оның шеңберінде жылқылардың 30 басты қамту белгіленді. Бүгінгі таңда 31 бас жылқы жабдықталды, жоспар мерзімінен бұрын орындалды. Қазіргі таңда 2021 жылға жаңа цифрландыру жобасы бойынша әзірлеу жұмыстар жүргізілуде.

ББАЖ жүйесінде ветеринарлық анықтамалар беру

ББАЖ порталдың мониторингіне сәйкес, 2020 жылғы 1 қаңтардан 1 қарашасына дейінгі кезеңде ББАЖ жүйесіне 39 440 ветеринариялық анықтама енгізілді.

Қостанай облысы ветеринария саласының 01.11.2020 жылға текті әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары
Дата публикации
05 ноября 2020