Бюджеттің атқарылуы туралы есеп «Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы» ММ бойынша 2025 жылғы мамыр айындағы бағдарламалар

2025 жылғы мамырда мемлекеттік мекеме бойынша бекітілген бюджет 1 487 195,4 мың теңгені құрады. 2025 жылғы 31 мамырдағы жағдай бойынша 1 420 932,4 мың теңге игерілді. Қаражат 66 263  мың теңге немесе 99,9%

«Мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» 001 бағдарламасы бойынша – аппаратты ұстауға 176 192,9 мың теңге бөлінді, нақты шығыстар 176 061,3 мың теңгені, қалдық 131,6 мың теңге.

«Мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды) салуды, реконструкциялауды және оларды ұстауды қамтамасыз етуді ұйымдастыру» 008 бағдарламасы бойынша - 24 838,2 мың теңге бөлінді, 24 838,2 мың теңге игерілді, қалғаны 0,0 мың теңге.

«Ауру жануарларды санитарлық союды ұйымдастыру» 009 бағдарламасы бойынша - 10 843,6 мың теңге бөлінді, 10 843,6 мың теңге игерілді, қалғаны 0,0 мың теңге.

«Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыру» 010 бағдарламасы бойынша - 6 134,2 мың теңге бөлінді, 6 134,1 мың теңге игерілді, қалғаны 0,09 мың теңге.

«Жануарлар мен адамдардың денсаулығына кауіп төндіретің зиянсыз (зарарсыздандырылған) және тәркіленбей қайта өнделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шиказаттың құнын иелеріне өтеу» 011 бағдарламасы бойынша – 2 995,1 мың теңге бөлінді, 2995,0 мың теңге игерілді, қалғаны 0,09 мың теңге.

«Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі іс - шараларды жүргізу» 013 бағдарламасы бойынша - 54 684,7 мың теңге бөлінді, 54 684,7 мың теңге игерілді, қалғаны 0,0 мың теңге.

«Эпизоотияға қарсы іс-шараларды өткізу» 014 бағдарламасы бойынша – 1 080 172,5 мың теңге бөлінді, 1 014 041,5 мың теңге игерілді, қалғаны 66 131 мың теңге.

«Ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығыстары» 015 бағдарламасы бойынша -  116 513,4 мың теңге бөлінді, 116 513,3 мың теңге игерілді, қалғаны 0,04 мың теңге.

«Ветеринариялық препараттарды уақытша сақтау пункттеріне дейін тасымалдау жөніндегі қызметтер» 028 бағдарламасы бойынша – 4 421,9 мың теңге бөлінді, 4421,8 мың теңге игерілді, қалғаны 0,07 мың теңге.

«Қараусыз және қаңғыбас жануарларды уақытша ұстау» 032 бағдарламасы бойынша – 3646,9 мың теңге бөлінді, 3646,8 мың теңге игерілді, қалғаны 0,05 мың теңге.                 

«Қаңғыбас жануарларды вакцинациялау және зарарсыздандыру» 034 бағдарламасы бойынша – 3 894,2 мың теңге бөлінді, 3 894,1 мың теңге игерілді, қалғаны 0,05 мың теңге.

        Басшы                                                              Т. Иманбаев

Дата публикации
04 июня 2025