Қостанай облысы ветеринария саласының 01.06.2025 жылға текті әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары

Ветеринарлық препараттарды жеткізу

Облыстың коммуналдық меншігіне республикалық қордан аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринарлық препараттардың жылдық көлемінің 59,5% түсті.

Диагностикалық зерттеулер

Бекітілген жоспарға сәйкес, ірі қара малдың және ұсақ мүйізді малдың бруцеллезге диагностикалық зерттеулер өткізілді:

- ағымдағы жылғы қаңтар-мамыр айларында ІҚМ 216 119 бас жоспарымен 201 095 сынама зерттелді, немесе 92,7%;

- ағымдағы жылғы қаңтар-мамыр айларында ҰММ 260 952 бас жоспарымен 231 423 сынама зерттелді, немесе 88,7%.

Алдын алу іс-шаралары

Жануарлардың аса қауіпті ауруларының алдын алу жөніндегі 2025 жылға арналған ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралардың бекітілген Жоспарына сәйкес, ауыл шаруашылығы жануарларының барлық түрлері аса қауіпті ауруларға қарсы вакциналаудан және аллергиялық зерттеулерден өтті: аусылға – 799 578, сібір жарасына – 589 954, етқоректілердің эхинококкозына – 9 375, туберкулезге – 145 783, қарасанға – 77 042, нодулярлық дерматитке – 67 042, құстардың Ньюкасл ауруына – 179 500, пастереллезге – 1 429, инфекциялық ринотрахеитке және вирустық диареясына – 600, құтыруына – 65 000, түйелер обасына – 89, жоғары патогенді құс тумауына – 361 160 бас.

БАБЖ жүйесінде ветеринарлық анықтамалар беру

БАБЖ порталдың мониторингіне сәйкес, 2025 жылғы 1 қаңтардан 1 маусымына дейінгі кезеңде БАБЖ жүйесі арқылы 13 964 ветеринариялық анықтама берілді.

Дата публикации
03 июня 2025