Қостанай облысы ветеринария саласының 01.04.2025 жылға текті әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары

Ветеринарлық препараттарды жеткізу

Облыстың коммуналдық меншігіне республикалық қордан аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринарлық препараттардың жылдық көлемінің 56,5% түсті.

Диагностикалық зерттеулер

Бекітілген жоспарға сәйкес, ірі қара малдың және ұсақ мүйізді малдың бруцеллезге диагностикалық зерттеулер өткізілді:

- ағымдағы жылғы қаңтар-сәуір айларында ІҚМ 159 256 бас жоспарымен 164 612 сынама зерттелді, немесе 103,4%;

- ағымдағы жылғы қаңтар-сәуір айларында ҰММ 186 395 бас жоспарымен 184 797 сынама зерттелді, немесе 99,1%.

Алдын алу іс-шаралары

Жануарлардың аса қауіпті ауруларының алдын алу жөніндегі 2025 жылға арналған ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралардың бекітілген Жоспарына сәйкес, ауыл шаруашылығы жануарларының барлық түрлері аса қауіпті ауруларға қарсы вакциналаудан және аллергиялық зерттеулерден өтті: аусылға – 695 502, сібір жарасына – 516 277, етқоректілердің эхинококкозына – 9 025, туберкулезге – 111 253, қарасанға – 38 740, нодулярлық дерматитке –47 932, құстардың Ньюкасл ауруына – 129 500, құтыруына – 65 000, пастереллезге – 1 429, жоғары патогенді құс тумауына – 331 810 бас.

Инсинираторларды пайдалану

Биологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және инсинираторларды тиімді пайдалану үшін 2025 жылы 89 млн. 604 мың теңге көлемінде қаржы бөлінді, қаржылау жоспарына сәйкес қаржы уақытылы игеру жоспарланды.

БАБЖ жүйесінде ветеринарлық анықтамалар беру

БАБЖ порталдың мониторингіне сәйкес, 2025 жылғы 1 қаңтардан              1 мамырына дейінгі кезеңде БАБЖ жүйесі арқылы 10 909 ветеринариялық анықтама берілді.

Дата публикации
06 мая 2025