Қостанай облысы ветеринария саласының 01.04.2025 жылға текті әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары

Ветеринарлық препараттарды жеткізу

Облыстың коммуналдық меншігіне республикалық қордан аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринарлық препараттардың жылдық көлемінің 56,5% түсті.

Диагностикалық зерттеулер

Бекітілген жоспарға сәйкес, ірі қара малдың және ұсақ мүйізді малдың бруцеллезге диагностикалық зерттеулер өткізілді:

- ағымдағы жылғы қаңтар-наурыз айларында ІҚМ 86 335 бас жоспарымен 79 037 сынама зерттелді, немесе 91,5%;

- ағымдағы жылғы қаңтар-наурыз айларында ҰММ 106 440 бас жоспарымен 86 761 сынама зерттелді, немесе 81,5%.

Алдын алу іс-шаралары

Жануарлардың аса қауіпті ауруларының алдын алу жөніндегі 2025 жылға арналған ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралардың бекітілген Жоспарына сәйкес, ауыл шаруашылығы жануарларының барлық түрлері аса қауіпті ауруларға қарсы вакциналаудан және аллергиялық зерттеулерден өтті: аусылға – 551 555, сібір жарасына – 277 902, етқоректілердің эхинококкозына – 9 025, туберкулезге – 64 294, қарасанға – 14 826, нодулярлық дерматитке –47 279, құстардың Ньюкасл ауруына – 55 000, құтыруына – 14 000, жоғары патогенді құс тумауына – 224 960 бас.

БАБЖ жүйесінде ветеринарлық анықтамалар беру

БАБЖ порталдың мониторингіне сәйкес, 2025 жылғы 1 қаңтардан 1 сәуіріне дейінгі кезеңде БАБЖ жүйесі арқылы 8 250 ветеринариялық анықтама берілді.

Дата публикации
10 апреля 2025