Қостанай облысы ветеринария саласының 01.03.2025 жылға текті әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары

Ветеринарлық препараттарды жеткізу

Облыстың коммуналдық меншігіне республикалық қордан аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринарлық препараттардың жылдық көлемінің 56,5% түсті.

Диагностикалық зерттеулер

Бекітілген жоспарға сәйкес, ірі қара малдың және ұсақ мүйізді малдың бруцеллезге диагностикалық зерттеулер өткізілді:

- ағымдағы жылғы қаңтар-ақпан айларында ІҚМ 24 316 бас жоспарымен 31 230 сынама зерттелді, немесе 128,4%;

- ағымдағы жылғы қаңтар-ақпан айларында ҰММ 33 653 бас жоспарымен 29 051 сынама зерттелді, немесе 86,3%.

Алдын алу іс-шаралары

Жануарлардың аса қауіпті ауруларының алдын алу жөніндегі 2025 жылға арналған ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралардың бекітілген Жоспарына сәйкес, ауыл шаруашылығы жануарларының барлық түрлері аса қауіпті ауруларға қарсы вакциналаудан және аллергиялық зерттеулерден өтті: аусылға – 143 138, сібір жарасына – 2 083, етқоректілердің эхинококкозына – 350, туберкулезге – 900 бас.

         БАБЖ жүйесінде ветеринарлық анықтамалар беру

БАБЖ порталдың мониторингіне сәйкес, 2025 жылғы 1 қаңтардан 1 наурызына дейінгі кезеңде БАБЖ жүйесі арқылы 5 274 ветеринариялық анықтама берілді.

Дата публикации
07 марта 2025