Ветеринария саласындағы хабарламалар!

ҚР «Ветеринария туралы» Заңының 13 - бабына сәйкес – ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар өз қызметінің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы облыстың жергілікті атқарушы органы-Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасына хабарлайтынын еске саламыз.

ҚР «Ветеринария туралы» Заңының 13-1 - бабына сәйкес ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметтің мынадай түрлері хабарламаға жатады:

1) ветеринариялық емдеу-профилактикалық қызмет;

2) ветеринариялық мақсаттарға арналған дәрілік заттарды, биологиялық препараттарды, ветеринариялық және зоогигиеналық мақсаттағы бұйымдар мен атрибуттарды өткізу;

2-1) жануарларға арналған парфюмерия немесе косметика құралдары ретінде пайдаланылатын ветеринариялық препараттар өндірісі;

3) дезинфекция, дезинсекция, дератизация, дегельминтизация жүргізу.

Ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама «Е-лицензиялау» порталы арқылы беріледі.

«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабына сәйкес-тиісті хабарламаны жібермей қызметті жүзеге асыруға жол берілмейді.

Барлық сұрақтар бойынша Шипин көшесі, 153/3 үй, 200 кабинет мекенжайы бойынша немесе 39-06-95 телефоны бойынша Ветеринария басқармасының орны ауыстырылатын объектілердің қауіпсіздігі, мемлекеттік қызметтерді көрсету және мониторингілеу бөліміне хабарласуға болады.

Дата публикации
26 февраля 2025