Қазіргі уақытта ветеринариялық станциялардың ветеринариялық дәрігерлері ауылдар мен ауылдық округтердің әкімдіктерімен және ветеринариялық инспекторлармен бірлесіп ауыл шаруашылығы жануарларын түгендеуді жеке қосалқы шаруашылықтарды аулада аралау жолымен жүргізеді.
ҚР АШМ ауыл шаруашылығы жануарларының иелеріне арналған «TortTulik» мобильді қосымшасын әзірледі.
«TortTulik» мобильді қосымшасын қазір Android Playmarket, iOS (Apple) жүйелерінде жүктеуге болады.
Қосымша арқылы ауыл шаруашылығы жануарларының иелері - ШҚ, ЖШС, ЖҚШ мал басына түгендеу жүргізе алады, ветеринариялық паспорт ала алады, жоғалған кезде тегтерді ауыстыра алады, союдан кейін малды есептен алып тастай алады, малды бір ӘАОЖ ішінде сата алады және болашақта облыстар арасында мал сатып алу-сату рәсімдерін жасай алады, ветеринариялық дәрігерлер ветеринариялық-профилактикалық шараларды уақтылы және толық көлемде іс-шаралар жүргізе алады.