Жануарлардың аса қауіпті ауруларының алдын алу жөніндегі жоспарлы іс-шаралар

Ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап ауылдық округтер мен ауылдардың ветеринариялық пункттерінің ветеринариялық дәрігерлері жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасы бойынша жоспарлы іс-шаралар, оның ішінде аусылға қарсы, әрі қарай сібір жарасына, эхинококкозға, ІҚМ нодулярлық дерматитіне, ІҚМ қарасанына, құстардың жоғары патогенді тұмауына қарсы вакцинациялау және туберкулезге аллергиялық зерттеулер орындауға кіріседі.

Ақпан айынан бастап диагностикалау бойынша жоспарлы ветеринариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізуге, атап айтқанда ірі қара және ұсақ малды бруцеллезге зерттеу үшін қан алу жұмыстары басталады.  

Дата публикации
14 января 2025