Қостанай облысы ветеринария саласының 01.12.2024 жылға текті әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары

Ветеринарлық препараттарды жеткізу

Облыстың коммуналдық меншігіне республикалық қордан аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринарлық препараттардың жылдық көлемінің 100% түсті.

Диагностикалық зерттеулер

Бекітілген жоспарға сәйкес, ірі қара малдың және ұсақ мүйізді малдың бруцеллезге диагностикалық зерттеулер өткізілді:

- ағымдағы жылғы қараша айларында ІҚМ 521 854 бас жоспарымен       512 291 сынама зерттелді, немесе 98,2%;

- ағымдағы жылғы қараша айларында ҰММ 566 121 бас жоспарымен    576 130 сынама зерттелді, немесе 101,8%.

Алдын алу іс-шаралары

Жануарлардың аса қауіпті ауруларының алдын алу жөніндегі 2024 жылға арналған ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралардың бекітілген Жоспарына сәйкес, ауыл шаруашылығы жануарларының барлық түрлері аса қауіпті ауруларға қарсы вакциналаудан және аллергиялық зерттеулерден өтті: сібір жарасына – 1 342 680, қарасанға – 349 436, аусылға – 2 112 107, нодулярлық дерматитке – 108 500, пастереллезге – 340 369, құстардың жоғары патогенді тұмауға – 757 037, құстардың Ньюкасл ауруға – 259 000, етқоректілердің эхинококкозына – 47 080, ринотрахеитке – 64 600, туберкулезге – 301 422, құтыруға – 416 589, ринопневмонияға – 111 000, сақауға – 14 050 бас.

БАБЖ жүйесінде ветеринарлық анықтамалар беру

БАБЖ порталдың мониторингіне сәйкес, 2024 жылғы 1 қаңтардан 1 желтоқсанына дейінгі кезеңде БАБЖ жүйесі арқылы 34 938 ветеринариялық анықтама берілді.

Дата публикации
03 декабря 2024