Қостанай облысы ветеринария саласының 01.11.2024 жылға текті әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары

Ветеринарлық препараттарды жеткізу

Облыстың коммуналдық меншігіне республикалық қордан аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринарлық препараттардың жылдық көлемінің 98,3% түсті.

Диагностикалық зерттеулер

Бекітілген жоспарға сәйкес, ірі қара малдың және ұсақ мүйізді малдың бруцеллезге диагностикалық зерттеулер өткізілді:

- ағымдағы жылғы ақпан-қазан айларында ІҚМ 521 854 бас жоспарымен 483 821 сынама зерттелді, немесе 93%;

- ағымдағы жылғы ақпан-қазан айларында ҰММ 566 121 бас жоспарымен 534 956 сынама зерттелді, немесе 94%.

Алдын алу іс-шаралары

Жануарлардың аса қауіпті ауруларының алдын алу жөніндегі 2024 жылға арналған ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралардың бекітілген Жоспарына сәйкес, ауыл шаруашылығы жануарларының барлық түрлері аса қауіпті ауруларға қарсы вакциналаудан және аллергиялық зерттеулерден өтті: сібір жарасына – 1 159 102, қарасанға – 292 009, аусылға – 1 741 493, нодулярлық дерматитке – 102 250, пастереллезге – 330 135, құстардың жоғары патогенді тұмауға – 661 080, құстардың Ньюкасл ауруға – 259 000, етқоректілердің эхинококкозына – 38 535, ринотрахеитке – 47 200, туберкулезге – 287 622, құтыруға – 357 276, ринопневмонияға – 88 490, сақауға – 12 450 бас.

БАБЖ жүйесінде ветеринарлық анықтамалар беру

БАБЖ порталдың мониторингіне сәйкес, 2024 жылғы 1 қаңтардан 1 қарашанына дейінгі кезеңде БАБЖ жүйесі арқылы 31 021 ветеринариялық анықтама берілді.

Дата публикации
12 ноября 2024