Бюджеттің атқарылуы туралы есеп "Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы" ММ бойынша 2024 жылдың 10 айына арналған бағдарламалар

2024 жылдың 10 айына мемлекеттік мекеме бойынша бекітілген бюджет 2 944 951,2 мың теңгені құрайды. 2024 жылғы 31 қазандағы жағдай бойынша 2 941 558,3 мың теңге игерілді. Төлемдер бойынша жоспардан қалған қаражат 3 392,9 мың теңгені құрайды немесе 99,99%.

«Мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» 001 бағдарламасы бойынша - аппаратты ұстауға 301 738,5 мың теңге бөлінді, нақты шығыстар 301 357,8 мың теңгені құрайды, қалдық 380,7 мың теңге немесе 99,99%.

«Ауру жануарларды санитарлық союды ұйымдастыру» 009 бағдарламасы бойынша 27 461,6 мың теңге бөлінді, нақты шығыстар 24 991,9 мың теңгені құрайды, қалдық 2 469,6 мың теңге немесе 99,99%.

«Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыру» 010 бағдарламасы бойынша 9 129,3 мың теңге бөлінді, 100% игерілді.

«Жануарлар мен адам денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген құнын иелеріне өтеу»  011 бағдарламасы бойынша 3 984,0 мың теңге бөлінді, нақты шығыстар 3 978,6 мың теңгені құрайды, қалдық 5,4 мың теңге немесе 99,99%.

«Жануарлардың энзоотиялық аурулары бойынша ветеринариялық іс-шараларды жүргізу» 012 бағдарламасы бойынша 91 249,0 мың теңге бөлінді, нақты шығындар 91 248,9 мың теңгені құрайды, дөңгелектеу есебінен қаражат қалдығы 0,1 мың теңгені құрайды.

«Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі іс - шараларды жүргізу» 013 бағдарламасы бойынша 90 713,7мың теңге бөлінді, 100% игерілді.

«Эпизоотияға қарсы іс-шараларды өткізу» 014 бағдарламасы бойынша 2 011 502,1 мың теңге бөлінді, нақты шығындар 2 011 502,0 мың теңгені құрайды, дөңгелектеу есебінен қаражат қалдығы 0,1 мың теңгені құрайды.

«Ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығыстары» 015 бағдарламасы бойынша 222 800,0 мың теңге бөлінді, 100% игерілді.

«Уақытша сақтау пункттеріне дейін ветеринариялық препараттарды тасымалдау қызметтері» 028 бағдарламасы бойынша 

3 999,7 мың теңге бөлінді, 100% игерілді.

«Жануарлардың энзоотиялық ауруларының алдын алу және диагностикасы бойынша ветеринариялық препараттарды, олардың профилактикасы мен диагностикасы бойынша көрсетілетін қызметтерді орталықтандырылған сатып алу, оларды сақтауды және аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарына тасымалдауды (жеткізуді) ұйымдастыру» 030 бағдарламасы бойынша 68 219,4 мың теңге бөлінді, нақты шығыстар 68 219,3 мың теңгені құрайды, дөңгелектеу есебінен қаражаттың қалдығы 0,1 мың теңгені құрайды.

«Қараусыз және қаңғыбас жануарларды уақытша ұстау» 032 бағдарламасы бойынша 9 097,9 мың теңге бөлінді, нақты шығыстар 9 097,0 мың теңгені құрайды, дөңгелектеу есебінен қаражаттың қалдығы 0,9 мың теңгені құрайды.

«Қараусыз және қаңғыбас жануарларды анықтау» 033 бағдарламасы бойынша 2 326,4 мың теңге бөлінді, нақты шығыстар 2 325,4 мың теңгені құрайды, дөңгелектеу есебінен қаражаттың қалдығы 1,0 мың теңгені құрайды.

«Қаңғыбас жануарларды вакцинациялау және зарарсыздандыру» 034 бағдарламасы бойынша 13 147,4 мың теңге бөлінді, нақты шығыстар 13 146,8 мың теңгені құрайды, дөңгелектеу есебінен қаражаттың қалдығы 10,6мың теңгені құрайды.

«Иелері халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын үй жануарларын анықтау» 035 бағдарламасы бойынша 2 527,1 мың теңге бөлінді, нақты шығыстар 1 992,7 мың теңгені құрайды, қалдық 5,4 мың теңге немесе 99,99%.

Дата публикации
11 ноября 2024