Бюджеттің атқарылуы туралы есеп "Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы" ММ бойынша 2024 жылдың 9 айына арналған бағдарламалар

2024 жылдың 9 айына мемлекеттік мекеме бойынша бекітілген бюджет 2 655 929,3 мың теңгені құрайды. 2024 жылғы 30 қыркүйектегі жағдай бойынша 2 655 654,5 мың теңге игерілді. Төлемдер бойынша жоспардан қалған қаражат 274,8 мың теңгені құрайды немесе 99,99%.

«Мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» 001 бағдарламасы бойынша - аппаратты ұстауға 259 018,5 мың теңге бөлінді, нақты шығыстар 258 755,9 мың теңгені құрайды, қалдық 262,6 мың теңге немесе 99,99%.

«Мемлекеттік органның күрделі шығыстары» 003 бағдарламасы бойынша 16 341,0 мың теңге бөлінді, 100% игерілді.

«Мал көмінділерін (биотермиялық шұңқырларды) салуды, қайта жаңартуды және оларды күтіп ұстауды қамтамасыз етуді ұйымдастыру» 008 бағдарламасы бойынша 69 588,4 мың теңге бөлінді, 100% игерілді.

«Ауру жануарларды санитарлық союды ұйымдастыру» 009 бағдарламасы бойынша 20 494,6 мың теңге бөлінді, нақты шығыстар 20 494,5 мың теңгені құрайды, дөңгелектеу есебінен қаражат қалдығы 0,1 мың теңгені құрайды.

«Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыру» 010 бағдарламасы бойынша 9 129,3 мың теңге, нақты шығындар 9 117,9 мың теңгені құрайды, дөңгелектеу есебінен қаражат қалдығы 11,4 мың теңгені құрайды.

«Жануарлар мен адам денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген құнын иелеріне өтеу» 011 бағдарламасы бойынша 3 670,6 мың теңге бөлінді, 100% игерілді.

«Жануарлардың энзоотиялық аурулары бойынша ветеринариялық іс-шараларды жүргізу» 012 бағдарламасы бойынша 75 154,9 мың теңге бөлінді, 100% игерілді.

«Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі іс - шараларды жүргізу» 013 бағдарламасы бойынша 87 890,7 мың теңге бөлінді, 100% игерілді.

«Эпизоотияға қарсы іс-шараларды өткізу» 014 бағдарламасы бойынша 1 815 012,4 мың теңге бөлінді, нақты шығындар 1 815 012,2 мың теңгені құрайды, дөңгелектеу есебінен қаражат қалдығы 0,2 мың теңгені құрайды.

«Ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығыстары» 015 бағдарламасы бойынша 222 800,0 мың теңге бөлінді, 100% игерілді.

«Уақытша сақтау пункттеріне дейін ветеринариялық препараттарды тасымалдау қызметтері» 028 бағдарламасы бойынша 3 999,7 мың теңге бөлінді, 100% игерілді.

«Жануарлардың энзоотиялық ауруларының алдын алу және диагностикасы бойынша ветеринариялық препараттарды, олардың профилактикасы мен диагностикасы бойынша көрсетілетін қызметтерді орталықтандырылған сатып алу, оларды сақтауды және аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарына тасымалдауды (жеткізуді) ұйымдастыру» 030 бағдарламасы бойынша 68 219,4 мың теңге бөлінді, нақты шығыстар 68 219,3 мың теңгені құрайды, дөңгелектеу есебінен қаражаттың қалдығы 0,1 мың теңгені құрайды.

«Қараусыз және қаңғыбас жануарларды уақытша ұстау» 032 бағдарламасы бойынша 6 962,9 мың теңге бөлінді, нақты шығыстар 6 962,7 мың теңгені құрайды, дөңгелектеу есебінен қаражаттың қалдығы 0,2 мың теңгені құрайды.

«Қараусыз және қаңғыбас жануарларды анықтау» 033 бағдарламасы бойынша 1 249,4 мың теңге бөлінді, нақты шығыстар 1 249,3 мың теңгені құрайды, дөңгелектеу есебінен қаражаттың қалдығы 0,1 мың теңгені құрайды.

«Қаңғыбас жануарларды вакцинациялау және зарарсыздандыру» 034 бағдарламасы бойынша 11 059,4 мың теңге бөлінді, 100% игерілді.

«Иелері халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын үй жануарларын анықтау» 035 бағдарламасы бойынша 1 679,1 мың теңге бөлінді, нақты шығыстар 1 679,0 мың теңгені құрайды, дөңгелектеу есебінен қаражаттың қалдығы 0,1 мың теңгені құрайды.

Дата публикации
03 октября 2024