Қостанай облысы ветеринария саласының 01.10.2024 жылға текті әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары

Ветеринарлық препараттарды жеткізу

Облыстың коммуналдық меншігіне республикалық қордан аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринарлық препараттардың жылдық көлемінің 98,3% түсті.

Диагностикалық зерттеулер

Бекітілген жоспарға сәйкес, ірі қара малдың және ұсақ мүйізді малдың бруцеллезге диагностикалық зерттеулер өткізілді:

- ағымдағы жылғы ақпан-қыркүйек айларында ІҚМ 413 529 бас жоспарымен 399 240 сынама зерттелді, немесе 97%;

- ағымдағы жылғы ақпан-қыркүйек айларында ҰММ 445 805 бас жоспарымен 452 782 сынама зерттелді, немесе 102%.

Алдын алу іс-шаралары

Жануарлардың аса қауіпті ауруларының алдын алу жөніндегі 2024 жылға арналған ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралардың бекітілген Жоспарына сәйкес, ауыл шаруашылығы жануарларының барлық түрлері аса қауіпті ауруларға қарсы вакциналаудан және аллергиялық зерттеулерден өтті: сібір жарасына – 1 054 065, қарасанға – 232 949, аусылға – 1 646 782, нодулярлық дерматитке – 86 800, пастереллезге – 322 625, құстардың жоғары патогенді тұмауға – 560 135, құстардың Ньюкасл ауруға – 259 000, етқоректілердің эхинококкозына – 32 760, ринотрахеитке – 37 200, туберкулезге – 269 467, ринопневмонияға – 79 200, сақауға – 10 280 бас.

БАБЖ жүйесінде ветеринарлық анықтамалар беру

БАБЖ порталдың мониторингіне сәйкес, 2024 жылғы 1 қаңтардан 1 қазанына дейінгі кезеңде БАБЖ жүйесі арқылы 25 768 ветеринариялық анықтама берілді.

Дата публикации
02 октября 2024