Аса қауіпті ауруларға қарсы ветеринарлық препараттарының келіп түсуі

Республикалық қордан облыстың коммуналдық меншігіне ауыл шаруашылығы жануарларының 23 023 дозасы мөлшерінде құтыруға және 55 550 дозасы мөлшерінде сібір жарасына қарсы ветеринариялық препараттар түсті.

Ветеринариялық препараттарды тасымалдау жөніндегі қызметтерді жеткізуші аудандар мен қалалардың ведомстволық бағынышты ветеринариялық станцияларына тауарларды жеткізуді жүзеге асырды. Ветеринариялық препараттарды тасымалдау барысында ұсынылған сақтау температурасын сақтау үшін тоңазытқышпен жабдықталған автокөлік пайдаланылады. Аталған инфекциялардың алдын алу бойынша іс-шараларды белгіленген мерзімде жүзеге асыру көзделген.

Дата публикации
25 сентября 2024