Жаңадан әкелiнетiн немесе әкетiлетiн ауыл шаруашылығы жануарларының карантинi жануарлардың Қазақстан Республикасының аумағы арқылы және одан тысқары жерлерге ауысқан уақытында жұқпалы аурулардың пайда болуы мен таралуының алдын алу мақсатында жүргiзiледi.
Жануарлар карантинiнiң қажеттiлiгiн, ұзақтығын және шарттарын аумаққа жануарларды әкелу жоспарын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң аудандық немесе қалалық аумақтық инспекциясы белгiлейдi.
Ауыл шаруашылығы жануарларын әкелу немесе әкету жоспарланғанға дейiн карантиндi жүргiзу үшiн иелері Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң тиiстi аудандық немесе қалалық аумақтық инспекциясына және Ветеринариялық станцияға хабарлауға тиiс.
Карантиндiк кезең iшiнде меншiк иелерi шаруашылық жүргiзушi субъектiде бар малдан бөлек ұстауды қамтамасыз етуге, басқа жануарлармен тiкелей немесе жанама жанасудың алдын алу жөнiнде шаралар қабылдауға тиiс.
Жануарларды карантиндеу кезінде диагностикалық тесттер мен ветеринариялық өңдеулер меншік иелерінің қаражаты есебінен жүргізіледі.