Ағымдағы жылдың 9-13 қыркүйек аралығында Лисаков қаласында (9-11 қыркүйек) және Денисов ауданында (12-13 қыркүйек) кешенді оқу-жаттығулар өткізілді.
Азаматтық қорғау оқу-жаттығуының мақсаты төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі іс-қимылдарға, азаматтық қорғау қызметтерінің басқару органдарын, күштері мен құралдарын төтенше жағдайда жоюға даярлау.
«Қала және ауданының ветеринариялық станциясы» КМК жануарларды қорғау қызметін қалыптастыру арқылы теориялық сабақтар мен сигналдарды практикалық жеткізу жедел орындалды. Жеке құрамның, арнайы техника мен жабдықтардың саптық байқауы өткізілді. Ауыл шаруашылығы жануарларының аса қауіпті инфекциясын жұқтыру анықталған кезде карантиндік іс-шаралардың кіріспе міндеттері орындалды.
Төтенше жағдайлардың салдарын жою кезінде азаматтық қорғау ұйымдардың, басқару органдарының, құрылымдар мен қызметтердің басшылары мен өкілдерінің жұмысында келісімге қол жеткізілді.