Ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді АШЖБ ақпараттық жүйесіне енгізу

Қостанай облысы аудандары мен қалаларының ветеринариялық станцияларының ветеринариялық дәрігерлері ветеринариялық іс-шараларды (профилактикалық вакцинациялау, аллергиялық зерттеулер, диагностикалық зерттеулер, жануарларды бірдейлендіру) жүргізу барысында «ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру» дерекқорында бар мәліметтерді енгізуді, өзектендіруді (жаңартуды) және түзетуді жүзеге асырады.

Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорды қалыптастыру және жүргізу және одан үзінді беру қағидаларына сәйкес ветеринариялық іс-шаралар (профилактикалық вакцинациялау, аллергиялық зерттеулер, диагностикалық зерттеулер, жануарларды бірдейлендіру) жөніндегі дерекқорға мәліметтер енгізу ветеринариялық іс-шараларды жүргізу процесінде, жүргізілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі. аллергиялық зерттеулердің нәтижелері-аллергиялық зерттеулер оқылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде, диагностикалық зерттеулердің нәтижелері - диагностикалық зерттеулердің нәтижелерін алған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде.

Мәліметтерді енгізудің, түзетудің, өзектендірудің барлық тарихы деректер базасында және ветеринариялық паспортта сақталады, жүргізілген ветеринариялық іс-шаралар туралы деректер ветеринариялық анықтаманы беру кезінде көрсетіледі.

Дата публикации
12 сентября 2024