Қостанай облысы ветеринария саласының 01.09.2024 жылға текті әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары

Ветеринарлық препараттарды жеткізу

Облыстың коммуналдық меншігіне республикалық қордан аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринарлық препараттардың жылдық көлемінің 92,7% түсті.

Диагностикалық зерттеулер

Бекітілген жоспарға сәйкес, ірі қара малдың және ұсақ мүйізді малдың бруцеллезге диагностикалық зерттеулер өткізілді:

- ағымдағы жылғы ақпан-тамыз айларында ІҚМ 332 020 бас жоспарымен 325 963 сынама зерттелді, немесе 98%;

- ағымдағы жылғы ақпан-тамыз айларында ҰММ 363 750 бас жоспарымен 377 958 сынама зерттелді, немесе 104%.

Алдын алу іс-шаралары

Жануарлардың аса қауіпті ауруларының алдын алу жөніндегі 2024 жылға арналған ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралардың бекітілген Жоспарына сәйкес, ауыл шаруашылығы жануарларының барлық түрлері аса қауіпті ауруларға қарсы вакциналаудан және аллергиялық зерттеулерден өтті: сібір жарасына – 975 925, қарасанға – 123 740, аусылға – 1 241 390, нодулярлық дерматитке – 86 400, пастереллезге – 281 949, құстардың жоғары патогенді тұмауға – 399 985, құстардың Ньюкасл ауруға – 259 000, етқоректілердің эхинококкозына – 27 590, ринотрахеитке – 33 125, туберкулезге – 241 583, ринопневмонияға – 51 440, сақауға – 5 350 бас.

БАБЖ жүйесінде ветеринарлық анықтамалар беру

БАБЖ порталдың мониторингіне сәйкес,2024 жылғы 1 қаңтардан 1 қыркүйегіне дейінгі кезеңде БАБЖ жүйесі арқылы 22 478 ветеринариялық анықтама берілді.

Дата публикации
02 сентября 2024